Елорда • 06 Шілде, 2020

Сапархан Омаров қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.  Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Сапархан Омаров қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

Құттықтауда былай делінген:

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді жалпыұлттық мемлекеттік мерекеміз – Елорда күнімен құттықтаймын!

Еліміздің бас қаласы небары жиырма жылдық қарқынды даму жолында өзінің өміршеңдігін және Қазақстанның Тұңғыш Президентінің астананы көшіру жөніндегі стратегиялық идеясының дұрыс шешім екенін дәлелдеді. Қысқа ғана тарихи кезеңде ел орталығындағы шағын қала Еуразияның саяси, іскерлік және мәдени ошағы болып танылды. Бұл жерде  аймақтық қана емес, әлем үшін маңызды шешімдер қабылданған бірнеше халықаралық шаралар бастау алды.  

Елорда – халқымыздың мақтанышы. Нұр-Сұлтан еліміздің болашаққа деген ұмтылысының  символына және қоғамымыздың даму көрсеткішіне  айналды. Қаланың заманауи келбеті – еліміздегі әр азаматтың жетістігі. Бас қаламыздың бой көтеруі мен дамуына әрқайсыңыздың қосқан үлесіңіз зор.

Бүгін – Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, ұлтымыздың ғасырлар бойы арман етіп келген азаттығын алуына себепкер болған, қазақтың ұлан-байтақ жері үшін ұшан-теңіз еңбек сіңірген, алаштың абыз ақсақалы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 80 жасқа толып отыр. Елбасымыз, ұлт көшбасшысы, заманның заңғар ойлы қайраткер ұлына ұзақ өмір, мағыналы ғұмыр, баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін!

Мерекелеріңізбен қазақстандықтар! Елорда күні құтты болсын!