Аймақтар • 06 Шілде, 2020

Алматыда қос бірдей зертхана ашылды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев баспасөз конференциясының барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда қос бірдей  зертхана ашылды

Қалада коронавируспен күрес бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бақытжан Сағынтаев маңызды бағыттардың бірі коронавирусты дер кезінде диагностикалау екенін атап өтті.

Осыған байланысты зертханалардың өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, Алматыда коронавирустық инфекцияға тестілеуді енгізудің барлық кезеңінде 245 мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Мегаполисте 8 зертхана жұмыс істейді, нәтижесінде күніне шамамен 4000 зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда зертханалардың мәліметтері бойынша 56 мың зерттеуге арналған сынақ жиынтықтары бар.

Бақытжан Сағынтаев зертхана қызметінде аздаған кедергілер анықталғанын айтып өтті, оған бұл қызметтерге жүгінушілер тарапынан сұраныстың жоғары болуы, науқастардың көптеп келуі, сонымен бірге, зертханаларда реагенттердің қажетті қорының болмауы себеп болған.

“COVID-19 зертханалық диагностикалау ауқымын ұлғайту мақсатында азаматтарды уақтылы диагностикамен қамтамасыз ету үшін қосымша екі зертхана ашылды”, - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.