Аймақтар • 06 Шілде, 2020

Алматыда 700 нысанның карантин режимінің бұзылғаны анықталды

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі онлайн-брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантин шараларының сақталуын тексеруді жүзеге асыратын мониторингтік топтардың қызметіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Алматыда 700 нысанның карантин режимінің бұзылғаны анықталды

"Ішінара жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша 701 нысаннан карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Біз тексеріс барысында анықталған тәртіпбұзушылықтарға дер кезінде әрекет етеміз. Оған қосымша, азаматтарға тәртіп бұзушылық туралы хабарлау үшін біздің call-орталықтарымызға хабарласуға болады", - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары енген аудандық әкімдіктері бекіткен мониторингтік топтар карантин кезінде жұмыстарын жаңғыртқан қаладағы 5976 нысанға тексеріс жүргізді, соның ішінде 2512 қоғамдық тамақану, өндірістік сауда және базарлар, 1903 өндірістік емес сауда нысандарына, сұлулық салондарына, моншалар, Қазпошта бөлімдері, банктер, мешіттер, кеңселер, құрылыс алаңдары және коммуналдық мақсаттағы басқа да нысандарға, 1166 өндіріс орындары нысандарына, автосервис және 395 балабақша (кезекші топтар) бар.

Тексеру қорытындысы бойынша, 642 нысанның қызметі ескертулерлі түзегенге дейін тоқтатылды, ол тексерілген жалпы нысандардың 10,7% құрады. Олардың ішінде 621 нысан ескерту алғаннан кейін өздігінен тоқтатқан. Субъектілер тарапынан ескертулерге қатысты түзетулер болмағаннан кейін ТҚСҚБД аудандық басқармаларының қаулысымен 21 нысанның қызметі тоқтатылды.

Анықталған тәртіпбұзушылықтардың ішінде кең тарағаны: қызметкерлерге термометрия жүргізбеу, келушілер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, қызметкерлердің маскаларын уақтылы ауыстырмауы, қызметкерлердің маска режимін орындамауы, қолғаптардың жоқтығы, зауыт орамасы жоқ тері антисептиктерін қолдану, үстелдер арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы, дезинфекциялық кілемшелердің жоқтығы және басқа да тәртіпбұзушылықтар екені атап өтілді.