Отыз жылға жуық уақыт бедерінде туған Қазақстанымыз сан тарау тағдыр кешіп, тәуелсіздіктің тәуекел жолдарынан өтті. Тұңғыш Президент – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер қайраткерлігінің арқасында байрағымыз жығылмай, от пен суға ұрынбай, бағытымыздан бұрылмай, сара саясатының сағасына үйіріліп, жағасына қоныстандық.

Керей мен Жәнібек хандар бастаған ата қазақтың ұлы көші бүгінде жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан болып қалыптасып, «тарих толқынындағы» (Н.Назарбаев) кепиетті құндылықтарымызды түгендеу арқылы Мәңгілік ел идеясының отын маздатып жатсақ, бұл – ғасырлар сабақтарын Сана сахнасында жаңғыртып, бүгінгі жаһандық жаңалықтарды еліміздің даму моделіне енгізген Елбасы көрегендігі! Себебі ол Әлем мен Қазақстанның ендігі уақытта біртұтас болатынына бек сенеді. Мысалы, адамзатты жаппай қырып-жойып қана қоймай, ұзақ мерзімдік зардаптары генетикалық-мутанттық қасіретке ұшырататын атомдық-ядролық милитаризмге қарсы үндеген Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі, зерделеп-зерттеп қарасақ, жер-жиһанның қамын ойлаған, сол арқылы ұлтымызға төнетін қатерді періштедей қанатымен қағатын тезистік тұғырнама. Мұны алты құрлық және «байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы дала елінің данқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары» («Мәңгілік Ел – патриоттық актісі», Н.Назарбаев) жүзеге асырады, кәдеге жаратады.
Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінен бастап-ақ, ең алдымен, Қазақ елінің ұлы өркениеттегі қайырлы қонысын анықтап алуды, әлемге танытуды көздеген Елбасымыздың мақсат-мұраты «Көрдім. Келдім. Жеңдім» дейтін цезарьлық пиғыл емес, шын мәніндегі интеграциялық паритетті, саяси-экономикалық және рухани теңдікті айшықтаған абыздық-ақылмандық саясат еді. Соны дәлелдеу үшін бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің бірегейі болып, Біріккен Ұлттар Ұйымына, аса беделді прогресшіл саяси-гуманитарлық ұйымдарға мүшелікке қабылданып, халықаралық ауқымды іс-шараларға бел шешіп араласа бастадық. Дүниежүзілік діндер мен діни конфессиялардың ауызбіршілік жиындарын елордамызда тұрақты түрде ұйымдастырып, «аспаннан түскен төрт кітапты» түгендеп қойдық. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитінің, Азиада спорт ойындарының, ЭКСПО көрмесінің, қала берді Ауғанстан, Украина, Сирияға байланысты бітімгершілік кездесулердің Қазақстанда өткізілуі және табысты болуы еліміздің дәрпін дүниеге жайып, Нұрсұлтан Әбішұлының саясат сахнасындағы салмағын көрсетті.
Жаһанды жартыкөз жарықтай күлгін күйге түсірген қаржы дағдарысы, шындап келгенде, өркениеттің өрісін тарылтып, адами құндылықтардың қабырғасын қаусатып жіберуі мүмкін. «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деген қанағатшыл мәтел бүгінгі күннің заңдылықтарына астар бола алмайды.
«Қарынымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» деген сөз бар. Қадір – ол ұлттың рухы, мәдени мерейі, тарихи тағылымы! Рухың семсе – болашаққа бастайтын үмітің мен сенімің сөнеді. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ мұны ешқашан ұмытпаған. Тарих сабақтары санасын сәулелендірген Елбасымыз егемендіктің ең алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқының тұтастығы мен тұрақтылығын, берекелі бірлігін қамтамасыз ететін шаралар шоғырын бірінші кезекке қойып, тарихи-рухани және мәдени тұғырымызды нығайтуға зор еңбек сіңірді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сынды концепциялық мақалалары, Мәңгілік ел идеясы тәуелсіз мемлекетіміздің шаңырағын көтерген Тұңғыш Президенттің әрбір қазақстандықтың жүрегіне жолдаған үшбу хаты, аманаты.
Әсіресе Мәңгілік ел идеясы астральдық, теологиялық ұғымдардан ұшқары, қиял-ғажайып әпсаналардан тысқары, Ата тарихымыздың алтын арқауын бүгініміз бен болашағымыздың қазығына байлаған Ұлттық Рухымыздың Декларациясы болды!
Ежелгі түркі дүниесінің дүбірлі даңғылында атой салған Мәңгілік ел болып қалу ұраны Тоныкөк, Күлтегін, Білге Қаған жазбаларынан құйындай ұйытқи көтеріліп, осыдан бес жарым ғасыр уақыт бұрын «қарағайға қарсы біткен бұтақтай» оқшау бүрлеп, жапырақ жайған қазақ ұлысын үйіріп тұрған еді. Алмағайып кезеңдерді бастан кешіріп, анталап келген дұшпанға сүйем жерін боданға бермей күрескен, қылыштың қылауында, шұбырған көштің шылауында шыбын жанын пида етіп, Еуразия кеңістігінде еңсегей елдің өрісін сақтап қалған бабаларымыздың ерлік дәстүрі, жиырмасыншы ғасырдың жендет жылдарында қаңғыған оққа басы байланып, қуғын-сүргіннің тақырында тарыдай шашылып, тоз-тоз боп кете жаздаса да, төзімі мен үмітін үзбей, ертеңгі күнге деген сенімін селдіретпеген аталарымыздың ақ-адал аманаты Елбасының Мәңгілік ел идеясымен ұштасып жатыр. Біз мұны жан-жүрегімізбен, бүтін болмысымызбен сезінеміз.
Ұлы дала ұлағаттарын тәуелсіз мемлекетті басқару ісінде асқан көрегендікпен жаратқан Нұрсұлтан Әбішұлының портретін сөзбен сомдағанда, айтпақ ойымыз бен парық-пайымдауларымыздың өзімізден бұрын туымды Тұлғаның образын жасаған, қайраткерлігін қазып, зерттеген әріптестеріміздің, зиялы қауымның пікір-толғамдарына ұқсап кете беретіні неліктен екен? Тыңнан түрен салғың келіп, тосын штрих-детальдар іздесең де, ой ұшқындары, айналып келгенде, қалың қазақтың Елбасына деген ұшан-теңіз құрметі мен махаббатынан асып кете алмай жатады. Әркімнің өз шындығы бар заманда Ақиқаттың біреу екендігі осы ма екен? Шымырлап қайнап, шамырқанып төңкерілген заманда адамзаттың даму динамикасына орай, көзқарастар мен ұстанымдар өзгеріп, саяси-экономикалық форматтар толысып, құндылықтар жаңғырып, жылнамалар жаңарып жатса да, өзгермейтін, өң бермейтін, ешкімге теңгермейтін Тұңғыштың аты – тұңғыш қой! Сардар жастың сәруар нұрына суарылған Тұлғаның мерейі биіктей берсін!
Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Бүгін, 06:55
Спорт • Бүгін, 06:52
Спорт • Бүгін, 06:51
Балалар кітапханасы жаңартылды
Әдебиет • Бүгін, 06:50
Аймақтар • Бүгін, 06:48
Спорт • Бүгін, 06:47
Спорт • Бүгін, 06:46
Спорт • Бүгін, 06:44
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 06:43
Әдебиет • Бүгін, 06:38
Руханият • Бүгін, 06:36
Руханият • Бүгін, 06:34
Әдебиет • Бүгін, 06:33
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Руханият • Бүгін, 06:31
Еліңді сүю – жақыныңды жақсы көруден басталады
Қоғам • Бүгін, 06:30
Айналамызға мейірім төгіп жүрейік
Қоғам • Бүгін, 06:27
Қоғам • Бүгін, 06:26
Қоғам • Бүгін, 06:17
Қиыншылық бір-бірімізді сыйлауды үйретті
Қоғам • Бүгін, 06:16
Қоғам • Бүгін, 06:14
Қоғам • Бүгін, 06:13
Әлемде баламасы жоқ бірегей театр
Театр • Бүгін, 06:11
Адамдардың татулығынан асқан құндылық жоқ
Қоғам • Бүгін, 06:10
Қоғам • Бүгін, 06:09
• Бүгін, 06:04
Қоғам • Бүгін, 05:59
Бірлік – кемел келешегіміздің кепілі
Қоғам • Бүгін, 05:57
Тәуелсіздік құрдастарының жобасы
Қоғам • Бүгін, 05:54
Заңдардың Конституцияға сәйкестігі – өзекті мәселе
Қоғам • Бүгін, 05:52
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар