Елбасы • 07 Шілде, 2020

Телефон арқылы сөйлесті

115 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түр­кия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Режеп Тайип Ердоған Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және көпжоспарлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Түркия Президенті қазіргі Қазақстанның даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін айтып, оның екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастырудағы елеулі рөлін атап өтті.

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанға достық тілектері үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік тарапы бастамашы болды.

 

* * *

Сооронбай Жээнбеков Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Қырғызстан Президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Елбасының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Елбасы С.Жээнбековке құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас ел арасындағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

 

 * * *

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасампаз істеріне табыс тіледі.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанның нағыз досы екенін айтып, Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының негізін қалауға, сондай-ақ түркітілдес елдер арасындағы ынтымақ­тастықты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Әзербайжан көшбасшысына жүрекжарды құттықтауы үшін алғысын білдіріп, ғасырлар бойы екі елді біріктіріп келе жатқан достық пен тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды қолдай­тынын айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан тарапы бастамашы болды.

 

 * * *

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Тәжікстан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және көпқырлы мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Эмомали Рахмон Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас Қазақстан халқының және жалпы өңірдің игілігі үшін өзінің жасампаз қызметін жалғастыратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан көшбасшысына достық тілектері үшін алғысын білдіріп, әртүрлі саладағы Қазақстан мен Тәжікстан ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетудің маңыз­дылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан тарапы бастамашы болды.

 

 * * *

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Пре­зи­денті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Беларусь Президенті Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан тарихындағы жаңа міндеттерді сәтті іске асыруды тіледі.

Александр Лукашенко Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы өз дамуында толағай табысқа қол жеткізген мемлекет құрып, үлкен жолды жүріп өткенін атап өтті. Сондай-ақ Беларусь Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Беларусь қаты­настарымен бірге, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үде­рістерді қалыптастыру мен ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Елбасы Беларусь көшбасшысына құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы көптарапты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы айтты.

Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.

 

 * * *

Елбасы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төр­аға­сының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті.

Дмитрий Медведев Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат және Қазақстанды дамыту бойынша жоспарларын одан әрі жүзеге асыра беруін тіледі.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы мәртебесі Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ықпалдастықты және интеграциялық бағыттағы сабақтастықты қамтамасыз етуге зор үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Елбасы Дмитрий Медведевке жылы лебіздері үшін алғысын білдірді және бірлескен жұмысты, оның ішінде екі елдің Қауіпсіздік кеңестері мен билеуші партиялары – Nur Otan мен «Единая Россия» арқылы жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей тарапы бастамашы болды.