«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры TengriTV және театр сайты арқылы өнерсүйер қауымның назарына жиырмадан астам опера және балет туындысын, сондай-ақ әлемдік және отандық классиканың інжу-маржандарынан концерттік бағдарламалар ұсынбақ.
Онлайн-көрсетілімдердің репертуарынан байқағанымыз, ересектермен қатар жас көрермендердің де талғам-талабы барынша ескерілген сияқты. Мысалы, елордалық театрдың музыкатанушылары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жеткіншектердің жазғы демалысына орай «Балаларға арналған классика», «Театрға саяхат» және «Балалар театрға шақырады» топтамаларын – С.Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісін, «Ішекті аспаптар үні», «Түрлі дауыстар әлемі», «Үрмелі және соқпалы аспаптар үні», К.Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы» зоологиялық фантазиясын қазақ тілінде, Э.Григтің «Пер Гюнттың саяхаты» концертін тарту етпек.
Ал жалпы көрермен жақын күндерде «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы Людвиг Минкустың «Дон Кихот», Адольф Аданның «Корсар», Фридерик Шопеннің музыкасына жазылған «Шопениана» қойылымдары мен т.б. атақты хореографтардың балет спектакльдерін тамашалай алады.
Театр ұжымы ұлттық және батыс еуропалық классиктердің жауһар туындыларын, атап айтқанда, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай», Джоаккино Россинидің «Жібек саты», Джаккомо Пуччинидің «Тоска» және т.б. қойылымдарын, сонымен қатар «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаевтың – «Италиядан кеген хаттар», дирижер Абзал Мұхитдиннің «Жылдың сегіз мезгілі: Антонио Вивальди мен Астор Пьяццолла» жобаларын, Б.Қайырбековтің «Табысқан сұхбаттастар» шығармашылық кешін шілде мен тамыз айлары кестесіне енгізіп отыр. «Астана Опера» Камералық залында өткен тамаша концерттер де көрермен көзайымына айналып, ұлы ойшыл, ағартушы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні құрметіне 10 тамызда ұсынылатын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы жылдың ең айтулы онлайн оқиғасы ретінде ел есінде сақталады деп күтілуде.
Тағы бір айта кететін жайт, TengriTV-нің дизайны заманауи тұрпатқа лайықталып, көрермен талғамына сай жаңғыртылып ұсынылуда. Ол пайдаланушылар үшін мейлінше ыңғайлы әрі уақыт жағынан өте тиімді. Мұнан кейінгі уақытта бұрынғыдай бір аптаға арналған трансляциялар кестесімен емес, бір айлық кестемен танысуға, өнерсүйер қауым қойылымның өтетін күні мен уақытын алдын ала біліп отыруына жағдай жасалды. Бұл көпшіліктің спектакльдерді тез әрі оңай тауып алуына және өздеріне «визуалдық кестені» сақтауға мүмкіндік береді.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар