Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Текеліде тутұғыр орнады

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісудың жақұты – Текелі қаласында Ата Заңның 25 жылдығы мен елорда күніне орай тутұғыр орнатылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан 13 жобаның бірі – тутұғырдың орнауы қала экономикасы өркендеуінің жаңа бір нышаны болғандай.

Текеліде тутұғыр орнады

Көк байрағымызды кө­теру құрметі қала тұрғыны, киокушинкай каратэден Азия және Әлем чемпионы Әсемай Акрамбекке бұйырды. Биік­тігі 25 метр болатын тутұғыр Текелі тауларымен таласа бой көтеріп, көш жерден көз тартып, кіші қаланың көркіне көрік қосып, көркем табиғатпен жарасып тұр.


Тәуелсіздік алаңына орна­тылған тутұғыр Текелі тұрғындарының елорда күніне тартуы болды. Моно­­қаланың халқы бұдан бұрын да ұзындығы 38 шақы­рымды құрайтын Д.Қонаев атындағы көшені мақтаныш тұтқан болса, енді оған қаланың көрнекі белгісінің бірі болып тутұғыр да қосылды.