
Әдебиет • 24 Ақпан, 2021
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өттік. Жаһандық пандемия жағдайына тұспа-тұс келсе де, ел бар жерде ер есімі елеусіз қалған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, газет-журналдарда фарабитанушылардан бастап, ғалымдар мен қаламгерлердің танымдық, зерттеу мақалалары жарық көрді. Көркем және деректі фильмдер түсірілді.
Руханият • 10 Ақпан, 2021
О. Генри О. Генридің «Тынымсыз есік» (The Door of Unrest) әңгімесін оқи бастағанда әдебиетте жазыла-жазыла жауыр болған екі- мыңжылдық тарихы ескі фабулаға, көне канондық сюжетке тағы да жолыққандай екіұдай сезімде болғанымыз жасырын емес. Десе де, өзі айналдырған 36 сюжеттің (Ж.Польти) маңайын мың жылқы таптап өтсе де, мезгіл-мезгілімен ескі оқиғаның өзінен де жаңа бір мән табатын, жаңа бір идеямен ашатын жай да аз кездеспейді ғой. Әңгіменің соңына қарай бір тақырыпты көтерген екі оқиға қатар өрби бастағанда барып, кейіпкер өзінің соңғы сөзін айтқан тұста шығарманың жұмбағы ашылып сала береді. Сол тұста кеуде тұсың шым ете түседі. Тітіркенген бойыңда дызылдап, тамыр-тамырды қуалап белгісіз бір үрейлі ойлар ағыны абдыратып, абыржытып қояды. Жазушының шеберлігі деген де сол емес пе еді өзі?!
Руханият • 09 Ақпан, 2021
Мұқағали өлеңдерін оқып отырғанда еріксіз ақынның өз дауысымен, интонациясы – екпінімен, тіпті паузаларымен оқи жөнелетінімізді байқамай қалатынымыз несі екен? Біз, әлбетте ақынның тірі дауысын естіген жоқпыз. Ол дауылдатып жырларын оқып тұрғанда жанында болған жоқпыз. Ал көзін көрген ағаларымыз «қырандай саңқылдап» оқитын дегенде тіпті елти түсеміз.
Әдебиет • 03 Ақпан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек 60 жасқа толып отыр. Әріптесімізді мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілейміз! Құнарлы ой, қуатты сөзіңізбен оқырмандарыңызды қуанта беріңіз!
Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021
Жақында «Эксмо» баспасы Харуки Муракамидің «Жазушылық, мамандық ретінде» кітабын жариялады. Жариялаудың эксклюзивті құқығы соларда болса керек. Муракамиманиядан тысқары тұрсақ та, шығармашылық лаборатория жайлы қайбір кітапқа да ынтызармыз ғой.
Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021
Малларме Бір кісінің жылқысы жоғалған. Өткен желтоқсанда жоғалған жылқылар Қазы ауылының Борлы көлінен мұз болып қатып қалған күйінде табылыпты. Бұл ақпарат газетімізде жарияланды. Жылқы деген жел емес пе еді, түздің желі тұлпар емес пе еді, ол еркіндіктің символы еді, соның мұз құрсауында қалуы жан түршіктірген-ді. Ойландырған. Өмір, адам өмірі жайлы.
Әдебиет • 20 Қараша, 2020
Венеция сардары, әмір машкері, мавр, көнтек ерінді, кең көңілді, батырдай аңғал, шайырдай шерлі Отеллоның қасіреті, махаббат тарихы, міне, бес ғасыр бойы әлі жырланып, жас жүректерді жұлқи тартып, талай зерттеу мен зерделеуге дән болып келеді. Әуелде, он бесінші ғасырда, Джиральди Чантионың новелласында айтылған оқиға Шекспирдің құдіретті қаламына ілігіп, бес актілі трагедияға айналды. 1604 жылы алғаш патша сарайы театрында сахналанды.
Әдебиет • 16 Қараша, 2020
Мұқағали гуманизмінің бір сәті
Әлбетте, гуманизм – үлкен сөз. Арналы, сағасы көп, сан салалы сөз. Жазбамыздың жайынша, үлкен сөз үлкен ақынға айтылады. Ювал Ноаһ Харари «Адамзаттың қысқаша тарихында» гуманизм идеясын көбірек адамизм мысалына ыңғайлайды. «Гуманистердің барлығы адамға табынады» дей отырып, оны үш қарсылас «сектаға» бөліп, либералды, социалистік және эволюциялық гуманизм деп топтайды. Біз бұдан алыс тұралық. Бұл тұрғыда біздің гуманизм жалпыадамзаттық альтруизмге, адамсүйгіштікке көбірек жақын тұрар еді. Солай бола тұра, көзсіз ғашықтықтан, ессіз берілуден бөлек қонған, сүю мен жеккөрудің таңғажайып үйлесіміндей – ақын гуманизмі деген ұғымды аршып алар едік.
Әдебиет • 12 Қараша, 2020
Алғашқы сурет, алғашқы өлең...
Адамзат тарихындағы ең алғашқы тасқа қашалған сурет Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен табылған. 75 мың жыл бұрын салынған шимай. Иә, шимай. Оны тапқан археологтар, суреттен қарап отырған біз де соны салған алғашқы суретшінің (солай атайық) бұл шимайына таңдана қараймыз. Соны салып отырған адам осы сурет арқылы не айтқысы келді екен? Ұғына алмаймыз. Қандай ақпарат бергісі келді? Түсіне алмаймыз. Оның жанын не ауыртты, жүрегін не сыздатты, басынан не дәуір өтті, қандай хал кешірді? Бірақ сезіне аламыз. Ол бұл шимайын өнер деп ойлады ма?
Оқиға • 11 Қараша, 2020
Мажарстан түркологиясының інжу-маржаны
Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен академия кітапханасында Тұран идеясын ту еткен ғалым, шоқтығы биік шығыстанушы, Мажарстан түркологиясының маңдайалды тұлғасы Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай «Мажарстан түркологиясы» атты халықаралық онлайн-конференция және осы шара аясында әлемдік түркологияның белді өкілі, белгілі ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің академия шығарған ежелгі қыпшақтардың байырғы тілі, жағрафиялық атаулары, Дунайдың төменгі сағасындағы татар-ноғай қауымының тілі мен ауыз әдебиетіне қатысты «Үзілмес тамырлар» және «Иштван Қоңыр Мандокидің библиографиясы» атты қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бағдарлы басқосу аясында Түркі академиясы мен Мажарстанның Қазақстандағы елшілігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.