Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
90 материал табылды

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021

Аққу (төрттаған)

Малларме Бір кісінің жылқысы жоғалған. Өткен желтоқсанда жоғалған жылқылар Қазы ауылының Борлы көлінен мұз болып қатып қалған күйінде табылыпты. Бұл ақпарат газетімізде жарияланды. Жылқы деген жел емес пе еді, түздің желі тұлпар емес пе еді, ол еркіндіктің символы еді, соның мұз құрсауында қалуы жан түршіктірген-ді. Ойландырған. Өмір, адам өмірі жайлы.

Әдебиет • 20 Қараша, 2020

Дездемонаның мінәжаты

Венеция сардары, әмір машкері, мавр, көнтек ерінді, кең көңілді, батырдай аңғал, шайырдай шерлі Отеллоның қасіреті, махаббат тарихы, міне, бес ғасыр бойы әлі жырланып, жас жүректерді жұлқи тартып, талай зерттеу мен зерделеуге дән болып келеді. Әуелде, он бесінші ғасырда, Джиральди Чантионың новелласында айтылған оқиға Шекспирдің құдіретті қаламына ілігіп, бес актілі трагедияға айналды. 1604 жылы алғаш патша сарайы теат­рында сахналанды.

Әдебиет • 16 Қараша, 2020

Мұқағали гуманизмінің бір сәті

Әлбетте, гуманизм – үлкен сөз. Арналы, сағасы көп, сан салалы сөз. Жазбамыздың жайынша, үлкен сөз үлкен ақынға айтылады. Ювал Ноаһ Харари «Адамзаттың қысқаша тарихында» гуманизм идеясын көбірек адамизм мысалына ыңғайлайды. «Гуманистердің барлығы адамға табынады» дей отырып, оны үш қарсылас «сектаға» бөліп, либералды, социалистік және эволюциялық гуманизм деп топтайды. Біз бұ­дан алыс тұралық. Бұл тұрғыда біздің гуманизм жалпыадамзаттық аль­труизмге, адамсүйгіштікке көбірек жақын тұрар еді. Солай бола тұра, көзсіз ғашықтықтан, ессіз берілуден бөлек қонған, сүю мен жек­кө­рудің таңғажайып үйлесіміндей – ақын гуманизмі деген ұғымды ар­шып алар едік.

Әдебиет • 12 Қараша, 2020

Алғашқы сурет, алғашқы өлең...

Адамзат тарихындағы ең алғашқы тасқа қашалған сурет Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен табылған. 75 мың жыл бұрын салынған шимай. Иә, шимай. Оны тапқан археологтар, суреттен қарап отырған біз де соны салған алғашқы суретшінің (солай атайық) бұл шимайына таңдана қараймыз. Соны салып отырған адам осы сурет арқылы не айтқысы келді екен? Ұғына алмаймыз. Қандай ақпарат бергісі келді? Түсіне алмаймыз. Оның жанын не ауыртты, жүрегін не сыздатты, басынан не дәуір өтті, қандай хал кешірді? Бірақ сезіне аламыз. Ол бұл шимайын өнер деп ойлады ма?

Оқиға • 11 Қараша, 2020

Мажарстан түркологиясының інжу-маржаны

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен академия кітапханасында Тұран идеясын ту еткен ғалым, шоқтығы биік шығыстанушы, Мажарстан түркологиясының маңдайалды тұлғасы Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай «Мажарстан түркологиясы» атты халықаралық онлайн-конференция және осы шара аясында әлемдік түркологияның белді өкілі, белгілі ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің академия шығарған ежелгі қыпшақтардың байырғы тілі, жағрафиялық атаулары, Дунайдың төменгі сағасындағы татар-ноғай қауымының тілі мен ауыз әдебиетіне қатысты «Үзілмес тамырлар» және «Иштван Қоңыр Мандокидің библиографиясы» атты қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бағдарлы басқосу аясында Түркі академиясы мен Мажарстанның Қазақстандағы елшілігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2020

Достықтың дәргейінде кім бар, кім жоқ?!.

Жұмыстың жоғарғы жағында Жазу­шылар аллеясы бар. Аллея Абай көше­сінің бойында жатыр. Ілияс, Сәкен, Бейім­беттің мүсіні тұр. Төңіректегі халық үшін демалуға, кросспен шұғылдануға таптырмас мекен. Біз де бір мезгіл барып тұрамыз. Ойлануға, ой қорытуға ыңғайлы. Әдеттегі кешкі серуенде велосипед тепкен бір балақаймен қақтығысып қала жаздадым. «Байқап жүр» деп әрі қарай кете бердім. Бір кезде әлгі балақайдың сол бір сәтте айтқан сөзі ойыма орала кетті. Құдайым-ау, не деп еді?! Есіме түсті: «Брат, былай тұр».

Таным • 23 Қыркүйек, 2020

Болашақтан ұялу

Осыдан сексен бір жыл бұрын, дәл осы күні – қыркүйектің жиырма үшінші жұлдызында, Нью-Йоркте өткен Бүкіләлемдік жәрмеңке – EXPO көрмесінде бес мың жылдан кейін, яғни жетпісінші ғасырда ғана ашылуы керек «Уақыт капсуласы» жерге көмілген.

Руханият • 17 Қыркүйек, 2020

Диалог – ұлттық мінез

Уақыттар мен халықтар кеңістігіндегі әрбір ұлт пен ұлыстың тарихы секілді қазақтың да тұтас тарихы – диалогтар тарихы. Заман мен заман, дала мен адам, баба пен ұрпақ, хан мен қара, халық пен билік диалогы. Біздің тарихты бір жақты монолог ретінде қарауға болмайды, ол бірдің ғана сөзі емес, бірдің зары емес, бірдің шері емес, әрқашан бірі бірінен сөз сұраған, сөзге кезек сұраған, сөзге тоқтаған, дат айтқан, діл айта алмағанды тіл айтқан, тіл айта алмағанды қобыз бен домбыра айтқан, әйтеуір біртұтас сұхбатты, сырласуды, шерлесуді, ақылдасуды, кеңесуді ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылық ретінде қалыптастыра алған тарих.

Әдебиет • 16 Қыркүйек, 2020

Қашқай қызы – меңді қыз

Бала күнімізде, көбіміз «Шығыс жұлдыздары» деген алақандай ғана антологияны аса бір ынтықтықпен, құштарлықпен оқыған болармыз. Тоздырған болармыз саусақ уытымен. Бата сұраған бозбала Абайдай, біздің де бозбалалық тылсымның сырын ғайыптың тілімен жырлаған шығыс шайырларына таңырқаумен өтті емес пе?! Парсы-тәжік поэзиясының падишаһтары секілді ғашықтық ғазалын, даналық рубайын, тотықұстай құлпырған жімле дүниенің жұмбақ болмысын ашуға ұмтылған қасидаларды жазғымыз келді.

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020

Қош бол, совет адамы

Бәлкім, Эдгар Поның кейіпкері («Человек толпы») секілді ағылып өтіп жат­қан адамдар нөпіріне құлықсыз я қызығу­шылықпен көз салып отыратын күй әрбір адамда болатын шығар. Болады ғой, адам болған соң. Қоғам көшесіндегі қым-қуыт қарбалас қай сәтте де назар аудартады. Кімді көресіз? Нені аңғарасыз?