Қоғам • 02 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Біз көктемнен, көктем бізден тығылып жүргендей. Ойлар, сезімдер жасырынбақ ойнайды. Аңсамауға, сағынбауға, іздемеуге, бауыр мен достың жүзін көрмеуге іштей беки түстік. Оңтүстікте өрік гүлдеп жатса да. Өзіңнің ғана емес, солардың амандығы үшін де.
Таным • 02 Сәуір, 2020
3. Карантин. Редакция. Күн оған қарай ма, 06:47-де шығып алған. Әлем үйінде отыр. Әлемнің үйі – жер шары. Бәріміздің үйіміз. Сонша үлкен көрінуші еді, алғаш айналғандар 80 күн жүріп еді, сөйтсек, бір ғана бөлме екен ғой. Бір үлкен қонақ бөлмесі. Тар, тымырсық. Шында түшкіргенді Машын естиді, Америка жөтелсе, Африкада біреу аттан ауып түседі. Құлағыңа піл түшкіргендей.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ. Коронавирус
(әңгіме) Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар. Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді. Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады.
Әдебиет • 01 Сәуір, 2020
Әзіл дейтін әлем болса, Оспақ дейтін ел болса, соның ханы – Оспанхан. Оның тағына таласатындар қазақ сатирасында бар ғой, ал тәжіне таласқан ешкім жоқ. Оспанхан Әубәкіровтің сатирасы – қазақ қоғамының қырық қатпарын қабыстырған, адам табиғатының аса ыждағаттылықпен үңілмесе ашыла қоймас астарын аңдаған, жорта айтып, жанама сүйкей салмаған толымды, тұшымды, әр уақытта да өзекті сатира. Кеңес заманында қайбір кеспірсіз қылықты, келемежді мінезді айтса, соның типтік образға айналған кең пішілген кейіпкерлерін бүгінгі күннен де тауып алып, мәз боламыз. Мәз боламыз дегенде, бүгін – Күлкі күні. Жүзінен күлкі кетпеген жайдары жанның, қазақ сатирасы классигінің әзіл өлеңдерін топтап ұсынып отырмыз. Салымыз суға кеткендей абыржытқан сынамалы, сырғақты шақта сәл жымита алсақ болғаны.
Әдебиет • 31 Наурыз, 2020
2. Карантиндегі он алтыншы күн. Редакция терезесінен көкмұнарланып көркем қала көрініп тұр. Сағат 15:25. Сейсенбі.
Руханият • 31 Наурыз, 2020
Әр адамды өз дәуірінің бел баласы, баған көтерушісі, байрақ ұстаушысы дейміз, алайда ол сол заманның шеңберінде ғана қалу дегенді білдірмесе керек.
Таным • 30 Наурыз, 2020
1. Күшейтілген карантиндегі қала. Он бесінші күн. Сурет: редакция терезесінен қарағандағы көрініс. Сағат 15:24. Дүйсенбі. Дүйсенбі – парсы сөзі, екінші күн деген мағына береді екен. Ал біз оны бірінші күн дейміз. Ағылшын тілді мемлекеттерде уикэнд деген ұғым бар, біздіңше – демалыс күндері. Бірақ, олардағы уикэндте мерекелік сипат бар. Отбасына арнайды, қонаққа барады, осы күнді жоспарлайды. Бізде, жай ғана демалыс күндері. Қалауымызша шашып-төгіп жұмсаймыз күнді. Соны аптақыр (аптаның ақыры) деуге де болатын шығар, алайда сүйкімсіз естіле ме, біртүрлі. Есесіне, өзгеше мағына үстейді. Сол демалыстан шаршап шықтық, ештеңе істемей, ойдан, уайымнан. Күн сайынғы пандемия көрсеткіштерінен. Кітап оқыған болдым, жазған болдым. Оқығаным – ойыма қонбады, жазғаным – көңілімнен шықпады.
Әдебиет • 20 Наурыз, 2020
Көктемде құстар қайта ма? (әңгіме)
Жәудір Нартай Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет факультетін бітірген. Жәудірдің әңгімелері нәзік лиризм, өмірдің өзінен алынғандай шынайылығымен, мистикалық көңіл күйімен ерекшеленеді. Жас қалам иесінің шығармалары республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып жүр.
Президент • 29 Қараша, 2019
Біз білім мен мәдениеттің жаңа дәуіріне өттік
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастағанына 3 жылға жуықтады. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының жетекшісі Аида БАЛАЕВАМЕН әңгімелесіп, аталған бағдарлама жөнінде бірқатар сауалымызға жауап алдық.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Уақыт – әр адам үшін әртүрлі өтеді ғой. Қаламгер уақыты – қат-қабат, қарбаласқан, дәуірлер мен замандарды сапырылыстыра, араластыра, кейде тарихи шегініс жасап, кейде алдағы ғасырларға ой күшімен қарғып өтіп жететін құбылыс секілді көрінеді. Сол аласұрған уақытпен арпалыса жазған қаламының ізіне күллі дүние ілесе көшіп жүргендей сезіледі. Сол қалам бір сәтке тоқтап қалса, бүкіл әлем тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Ал мәңгілікке тоқтаса ше? Тоқтаған қалам – үзілген демнен де ауыр.