Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
90 материал табылды

Әдебиет • 13 Мамыр, 2021

Жоқ кітапты іздеу

Хорхе Луис Борхес. Бұл есімнің дабысы қалың оқырманның арасына қанық шыққан жоқ. Есесіне, оны қолына қалам ұстаған әрбір қаламгер жақсы біледі. Неге десеңіз, әдебиетте «ақындардың ақыны», «жазушылардың жазушысы» деген ұғым бар, Борхес те солай. Мысалы, Францияда Стефан Малларме, орыста Велимир Хлебников секілді ақындар бар. Оларды әдебиет сыны «ақындардың ақыны» деп атайды.

Әдебиет • 10 Мамыр, 2021

Күнікейдің жазығы

«Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басында жазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, әлі де пікірталас тудырып келе жатқан, психологиялық иірімдері қарапайым кісіні қанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнеше ойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімнің сүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма.

Таным • 12 Сәуір, 2021

Сөздің жеті бояуы

Ньютон әрі-сәрі күйде, әбігерге түсіп, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы, әрі-бері ұзақ жүрді. Бір кезде бөлменің ішін қараңғылап, сәуле түсуі үшін кішкене ғана саңылау қалдырып, сәулені үшбұрышты шыны призмадан өткізді.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2021

Еңсеп жайлы енді бір ой...

Кекілбайұлының құдықшысы Еңсептің қазған құдықтарынан бөлек, образды түрде айтқанда, ең бірінші шыңырауы – оның құдықшы Қараш әулетінен шығуы. Мал бітіп, дәулет қонбаған кедей әулет құдық қазумен ғана күн көріп келген, атадан балаға мұра болып қалып отырған жалғыз жанбағар кәсіп те осы.

Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Көктемдей көркем бір жан бар

Шуақты көктем, шұғылалы мезет, шабытты шақ... Сұлулық пен ізгілік, махаббат пен мейірім, нәзіктік пен тазалық, жаңару мен жаңғыру маусымы ашық деп жарияланады! Көктем келді! Ерке көктем есі-дертімізді алып, барлық игілік пен жақсылық атаулыдан енші ұсынып тұр. Ел көңілі серпілген. Емен-жарқын. Мырза көктем, мерейлі көктем, мәрт көктем. Қадірлі көктем, қастерлі уақыт.

Әдебиет • 24 Ақпан, 2021

Кітап бағындағы бақыт құсы

Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылды­ғын атап өттік. Жаһандық пандемия жағдайы­на тұспа-тұс келсе де, ел бар жерде ер есімі елеу­сіз қалған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі ғы­лыми кон­ференциялар, мәдени іс-шара­лар ұйым­­дастырылды, газет-журналдарда фара­­би­­тану­шылардан бастап, ғалымдар мен қалам­­герлердің танымдық, зерттеу мақа­ла­­лары жарық көрді. Көркем және дерек­ті фильмдер түсірілді.

Руханият • 10 Ақпан, 2021

Етікші

О. Генри О. Генридің «Тынымсыз есік» (The Door of Unrest) әңгімесін оқи бастағанда әдебиетте жазыла-жазыла жауыр болған екі- мыңжылдық тарихы ескі фа­булаға, көне канондық сюжетке тағы да жолыққандай екіұдай сезімде болғанымыз жасырын емес. Десе де, өзі айналдырған 36 сюжеттің (Ж.Польти) ма­ңайын мың жылқы таптап өтсе де, мезгіл-мезгілімен ескі оқи­ғаның өзінен де жаңа бір мән табатын, жаңа бір идеямен аша­тын жай да аз кездеспейді ғой. Әңгіменің соңына қарай бір тақырыпты көтерген екі оқи­ға қатар өрби бастағанда барып, кейіпкер өзінің соңғы сө­зін айтқан тұста шығарманың жұм­­­бағы ашылып сала береді. Сол тұста кеуде тұсың шым ете түседі. Тітіркенген бойыңда дызылдап, тамыр-тамырды қуалап белгісіз бір үрейлі ойлар ағыны абдыратып, абыржытып қояды. Жазушының шеберлігі деген де сол емес пе еді өзі?!

Руханият • 09 Ақпан, 2021

Мұқағали дауысы

Мұқағали өлеңдерін оқып отырғанда еріксіз ақынның өз дауысымен, интонациясы – екпінімен, тіпті паузаларымен оқи жөнелетінімізді байқамай қалатынымыз несі екен? Біз, әлбетте ақынның тірі дауысын естіген жоқпыз. Ол дауылдатып жырларын оқып тұрғанда жанында болған жоқпыз. Ал көзін көрген ағаларымыз «қырандай саңқылдап» оқитын дегенде тіпті елти түсеміз.

Әдебиет • 03 Ақпан, 2021

Қалғымайтын қалам иесі

«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек 60 жасқа толып отыр. Әріптесімізді мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілейміз! Құнарлы ой, қуатты сөзіңізбен оқырмандарыңызды қуанта беріңіз!

Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021

Кенеттен бұзылған үнсіздік

Жақында «Эксмо» баспасы Харуки Муракамидің «Жазушылық, мамандық ретінде» кітабын жариялады. Жариялау­дың эксклюзивті құқығы соларда болса керек. Мураками­маниядан тысқары тұрсақ та, шығармашылық лаборатория жайлы қайбір кітапқа да ынтызармыз ғой.