Руханият • 03 Қыркүйек, 2020
Қазақтың жаны қайда демеңіз, қазақтың жаны – қара өлеңде. Әулие қара өлең, осынау байтақ жұрттың ары да, жаны да, зары да, бары да сенде емес пе?!. Басынан өткерген алағай да бұлағай тағдыры, жүрек кешірген жадағай дәуірлері, жаралы жылдар да, ақжайнақ заман да, жонарақасымен сезген жойқын дерті мен серті де сенде екен ғой, қасиетті қара өлең! Қастерлі жанын қара қылышқа сақтайтын баяғының батырлары секілді, халық та өз жанын сөзде, сөзді өлең кейпінде сақтайды екен.
Оқиға • 14 Тамыз, 2020
«Жыр майданы» – жастықтың жаңа сәні
Жастық – әрқашан жаңашылдықтың жаршысы. Әрбір келген жаңа буын – жас толқынмен жаңаша пайым, соны бір соқпақ, өзгеше бір өрнек те бірге келеді. Әрбір жаңа ұрпақ өз сөзін айтуы тиіс қой.
Руханият • 08 Шілде, 2020
Ұстаз әл-Фараби ізгі қала жайлы ой-толғамдарында қалалар мен қауымдар жайын талқылай отырып, халқы ымырамен, өзара ізгілік гүлзарында ықпалдасып ғұмыр кешетін қайырымды қалаға жанды ынтық, жүректі іңкәр етуші еді ғой. Сол қалаға қарама-қайшы құбылыс – ізгілікке құрылмаған қалалар жайын да баян қылғанда, надандық жайлаған қараңғылар қаласы, тән қалауын ғана қанағаттандырар қажеттіліктер қаласы, тұрғындары байлықты ғана аңсаған айырбас қаласы, жүрек тоналған бақытсыздар қаласы және басқаларды бағындыруды ғана көксеген билік құмарлық қаласын көріп, жан жадағай тартып, жүрек жүдейтін.
Аймақтар • 07 Шілде, 2020
Жетісудың жақұты – Текелі қаласында Ата Заңның 25 жылдығы мен елорда күніне орай тутұғыр орнатылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан 13 жобаның бірі – тутұғырдың орнауы қала экономикасы өркендеуінің жаңа бір нышаны болғандай.
Әдебиет • 30 Маусым, 2020
Алкман Цицеронның «Гомерге дейін де ақындар болған» дейтініндей, адамзат баласына тіл біткелі айтылмаған сөз, жазу біткелі таңбаланбаған ой жоқтың қасы. Бәрі де айтылған. Бірақ кім қалай айта алды?! Сонымен не айтқысы келді? Мәселе осында секілді.
Руханият • 23 Маусым, 2020
«Тынық мұхитының жады жоқ», дейді екен Америка құрлығының байырғы жұрты. Ұлы сулардың есінде ештеңе қалмайды, уақыт дауылы сапырып, шайқап, шайып кетеді. Ештеңе болмағандай. Ал даланың жады ше?
Әдебиет • 17 Маусым, 2020
Борген Көл жағасындағы кішкентай ғана қызыл үй, кейде көңіл түкпірінде көмескіленіп, көрінбеске айналғандай, кісі қиялында ғана бар секілді, өмірде жоқ, жылдың үш мезгілінде иесіз, қаңырап тұратын, жазға салым қаладағы қожасы оралғанша – ол бір елес. Оралған сайын үй иесі есігін ашып, ішке кіргенше үйдің бар я жоқ екеніне күдіктенуші еді, арманында ойша жасап алған үй ме екен деп ойлаушы еді. Бір жылы сол үйді өзі жоқта, жылдың үш мезгілінде үйсіз қария мен кейуана паналайтынын, сонда тығылып өмір сүретінін, сол үшін өздерін енді кінәлі санайтынын, сұмдық ыңғайсызданатынын, бұл құпияның ашылмауын сонша қалағандықтарын білді. Білді де, қария мен кейуанаға сол үйді мекен етуге рұқсатын берді. Бірақ қызыл үйге құдайы қонақтар со күйі қайта оралмады. Бұл – норвег жазушысы Юхан Боргеннің новелласындағы үй. Ұзын-ырғасы осы. Автор, адам өмірінің жазы өтпелі екенін, сол үйдің, сол үй бейнесіндегі тұтас әлемнің бізге дейін де, бізден кейін де өмір сүре беретінін айтады.
Руханият • 11 Маусым, 2020
Чехов Анау жерде біздің үй болатын. Кешіріңіз, бәлкім, мына жерде. Білмеймін, осы маңда біздің үй болатын. Кеңестің үйі. Қамыстан салынған, студенттер салған. Неге екені белгісіз, үйдің аты – Көшкен үй еді. Үйдің де есімі болады. Мен Көшкен үйде өстім. Кейін, ел көшкенде біз де көштік.Қайбір жылы ауылға бардым. Үйдің орнын да тауып алдым. «Бұл жерде бұрын үй болған» деген белгі жоқ, әрине. Үйдің орнынан сынған кілт таптым. Жүрегім зырқ ете қалды. Және сол кілттің енді ол үйдің есігін, жоқ үйдің жоқ есігін ашпайтыны – ауыр. Сынған кілт енді ешқандай есікті ашпайды. Әсіресе менің балалығымның, бала күнімдегі үйдегі естеліктерімнің есігін.
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
Овидий айнасы Символ – эстетикалық идея. Кант осылай депті. Символ-образ – әдеби сананың арғы тегі. Оның анасы – мифтік сана. Әдеби шығарманың классикаға, өнер туындысының шедеврге айналуының негізінде де осылар тұр.
Әдебиет • 05 Маусым, 2020
Гоголь портреті Айтыла берген сөз де ақжемденеді. Әрі-беріден соң ығыр қылады. Бұл портрет жайлы сан мың сөз айтылған. Сондықтан Гогольдің «Портретіндегі» жайма базардан, жарқын дауыстардан, жас жігіттің жадағай тұрмысынан, тіпті портреттің өзінен, ондағы әлгі жан шошытар көзден, жасырын қалаулардан, алтын мәнеттің сыңғырынан, өң мен түстен, бәр-бәрінің жанынан жанай өтіп, бірден жалдамалы пәтерде Лизаның портретін салып отырған жас жігіттің үстінен түсейік. Бұл повестегі бізге мысал болар образ да осы. Бұл біздің көруіміз.