Әдебиет • 02 Маусым, 2020
Платон үңгірі Кейде самаладай жарқыраған сансыз жұлдыздарға таңдана қарап қаламыз. Алғаш рет аспанға қарағандай. Осынша сұлулықты тұңғыш көргендей. Кейде су бетінде жылт-жылт етіп ойнаған сәулелерге тамсана көз саламыз. Жел бесігінде тербеліп, құлпыра ойнаған қызыл гүлдердің көздің жауын алған әсемдігіне, ақ көбелектердің мерекесіне мейірің қанбай қарап тұрасың. Бұрын осының бәрін неге көрмегенмін, жарық дүниенің сонша ғаламатын қалай сезінбегенмін дегендей боласың. Әр көрген сайын алғаш көргендей іңкәр болу, ынтығу қандай ғажап! Осының бәрі – жаңа әрі көне дүние. Әр қараған сайын жаңалығын көреміз бе, ескілігін ғана аңғарамыз ба?
Әдебиет • 31 Мамыр, 2020
Ницше құрдымы Шығыста бір тәмсіл бар. Ұстазға бір адам келіп қалай данышпан болуға болатынын сұрайды. Яғни, данышпан болудың жолын сұрайды. Сананың осы бір күйіне сапар кешпей соқпақ салғысы келген жанға таңданған ұстаз оның қолына қара тас береді. Қара тасқа үш жыл бойы қараса данышпан болатынын айтады.
Әдебиет • 26 Мамыр, 2020
Гомер күлкісі Үлкен әдебиеттің қуанышы да, қайғысы да үлкен болады. Ұлы шығармалар уағында ұлықталады. Ұсақтық мансұқталады. Адамдар емес, идеялар майдандасады. Адамдар емес, ағымдар бірігеді. Ал жеңіске әдебиет жетеді. Көзқарастар күшеншектіктен тумайды. Пікірлер пайдакүнем емес.
Әдебиет • 22 Мамыр, 2020
Күннің күркірі еріксіз көкке қаратады. Жай оты жасқантады. Ағыл-тегіл, ебіл-себіл нөсер. Ақындар оны – аспан күрсінді дер еді, аспан қаһарланды дер еді, аспан жылады дер еді.
Қоғам • 15 Сәуір, 2020
Карантин. Қалада – тыныштық. Көліктердің дауысы сирек естіледі. Үлкен жолдардың бойынан жырақтау тұрғанымызбен, төтенше жағдайға дейін мотор үні үйге кіріп келердей гүрілдеп жататын. Ең қызығы, кейінгі күндері таң қараңғысында талмаусырап жеткен тауықтың таң шақырған дауысын құлағым шалып жүр. Әлдеқайдан жеткен әтеш дауысы әлдебір тұста қалған ауыл өмірін есіме салып, елегзітеді. Күндіз жететін дауыстың күштісі – дауыс зорайтқыштан шығып жататын ескертулер ғана.
Қоғам • 13 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Терезе сыртынан көктем қыздың сыңғырлаған күлкісі естіледі. Бірде құстардың құйқылжыта салған көркем әніне ұласып, бірде желең киініп, шапанын желбегей жамыла салған жел-жігіттің желдірте салған әніне араласып жетеді. Күн көңілденіп тұр. Жиырма градус нөлден жоғары. Есіл өзені еркелей ағып жатқан шығар...
Әдебиет • 12 Сәуір, 2020
Әдебиет картасындағы «беймәлім аймақ»
Гетенің хатшысы Иоганн Петер Эккерман ұзақ жылдар бойы ақынмен екеуара әңгімелерін қағазға түсіріп, қаттап жүреді. Хатқа түскен халыққа жетпей тұрсын ба, сыпайы ғана сыр-сұхбат кейін өз жанрында шедеврге айналды. Осы әңгімелердің бірінде (1827 жылы) Гете мынадай ой айтқан екен: «Біз дәл осы кезеңде әлемдік әдебиет дәуіріне еніп барамыз. Бұдан былайғы уақытта әрбіріміз осы дәуірдің тезірек тууына септесуіміз керек». Батыс пен шығыс екі бөлек емес, біртұтас рухани кеңістік екенін ақынның шығыс шайырларына іңкәрлігі, шығыс тылсымына ынтықтығы сездірсе керек. Иә, содан бері мәдени айналымға «әлем әдебиеті» деген ұғым енді. Ұлттық әдебиеттер ұранқайдай қыр басында қалқайып қалмай, ауылдасты, қауымдасты. Әрқайсы өзінің ұлттық дүниетанымындағы ерекшеліктерімен, мазмұндық, формалық жаңалықтарымен жаһан алаңқайына шығып, бүкіләлемдік кітапхана сөресіне таласа бастады.
Қоғам • 09 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Сәуірде жауған қар суынған сезімге ұқсайды. Оқыстан айтылған суық сөздей. Көктемнің алғашқы қарлығаштары – өрік пен шие гүлдері үсікке ұрынды. Біз оны терезеден көрдік. Жалпы, біз терезенің бергі жағында қалай болдық, біз қалай үй адамына айналдық?
Қоғам • 07 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Сирек біткен тал-дарақ, сетінеуік бұлттар, сырғақтай жауған себелек суық жаңбыр, сұрғылт күн, сабау қамшыдай сілтелген сартылдақ жел... Себепсізден-себепсіз жылағың келеді.
Қоғам • 05 Сәуір, 2020
Күшейтілген карантин. Әуелде таңсық болды, тіпті сені шектейтін әлеуметтік догма секілді сезілетін, уақыт өте келе өмір сүру образына айналып барады. Аз уақыт ішінде біз соған бейімделіп келеміз. Ал терезе сыртындағы көктем ештеңеге көнер емес.