Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Әдебиет • 22 Қаңтар, 2023

Әбдіжәмил. Теңіз

«Ойхой, теңіз жайында әңгіме шерткен қандай ләззат?! Құй өзің сөйле, құй өзгені сөйлетіп қойып, жиын арасында ұйып тыңда мейлің»...

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2023

Порлоктон келген адам

Шапағатты Шаңдун көне жұртына, Құбылай тікті ордасын, Қасиетті Су-Анасы бұлқына, Құйып жатты маужыраған мұхитқа, Үңгірлерді үңгіп өтіп арнасы...

Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023

Әуезов. Жалын ату

Мұхтар Омарханұлы сөзінің әуезі әудем жерден көңіл баурайды. Әудем жерден ән жеткендей. Сол әннің сол әннің сырлы да мұңды сазы мен назы алабұртқан күй кештіргендей. Жоғалтқаныңды тапқандай, тапқаныңды тәбәрік еткендей. Сарқа сөйлегендей, саусақ басынан қан қашып бозарғанша жазғандай. Ол соңыра иілместей, икемге келместей, ине ұстай алмастай. Бір уақта барып қана қан жүргендей, жан кіргендей.

Әдебиет • 16 Қазан, 2022

Сана – сарсаң, сауал – сан

«Классик – оқылмаса да мақталатын адам, – дейді Честертон, – мұның ешбір әбестігі жоқ, бұл бар болғаны адамзаттың талғамы мен пікіріне деген құрмет қана». Адамзат баласы – алты құрлық, төрт мұхит тұтас оқып, толымды пікірін қалыптастыру үшін кемі ғасыр керек болар. Ол он жылдың ар жақ-бер жағындағы әңгіме емес. Кейде әлемдік әдеби сыйлықтарды есім-сойы белгісіз қаламгерлер алып жатқандай көрінетіні бар ғой. Себебі ол және оның басты шығармалары бізге жете қойған жоқ. Сондықтан сөге сөз айтудың өзі сөкет дүние.

Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2022

Бозару

Жалпы, әдебиетке ақын я жазушының келуі адамның, жаңа бір есімнің келуі ретінде қабылданады. Алайда ол жай ғана жаңа есімнің емес, әдебиетке жаңа бір идея, жаңа сөздің, жаңа ойдың, әдеби троптың соны бір соқпағы, өзгеше бір ізденістің де келуі. Ол ұлт әдебиетінде бұрын-соңды қолданылмаған тұрақты сөз тіркестерінің келуі. Яғни әдебиетке талантты (талантты деген сөзге ерекше мән берген дұрыс шығар) ақын-жазушының келуі деген сөз ол сол ұлттық ойлау жүйесінің, ұлттық тілдің тағы да құлпыра түсуі, көркемденуі, кемелденуі, ұлықтана түсуі, оның тағы да өмір сүру кеңістігінің кеңеюі, өмір сүру ұзақтығының кемінде он жыл, елу жыл, тіпті ғасырларға ұзаруы. Әрине, бұл да сол тілді құлпыртушы жаңа тұлғаның деңгей-дәргейіне байланысты. Сондықтан да біз әрбір жаңа ақын-жазушының келуінен, я болмаса ақын-жазушының жаңа деңгейге өтуінен, жаңа көркемдік кеңістікті ашуынан, көркемдік құпияларды ашып көрсетуінен осы бір нәрселерді іздейміз, соны тапқымыз келеді.

Әдебиет • 14 Тамыз, 2022

Байрон ұйығы

Кім жалғыздықты сүймесе, сол еркіндікті де сүймейді.

Әдебиет • 03 Тамыз, 2022

Әуезов. Сұрлану

«Абай жолын» оқушы әрбір кісі аңдаса керек, Әуезов кісі құлқын, көңіл ауа­нын, сезім ағысын, ой реңкін, әралуан адам әлпетін, кейіс кейпін суретте­генде қаламын сұр бояуға малып отыратындай әсер қалдырады. Осы бір ахро­ма­тикалық түс, өзінің шексіз құбылмалылығымен, көз алдыңа сол заман, Абай за­манындағы адамдар кешкен алуан сезімді ғана емес, дәуірдің, қазақ жа­нының бояуын бізге ашып көрсететіндей.

Әдебиет • 28 Маусым, 2022

Жүректің жұмсақ күлкісі

Ол да бір жастық элексирі. Жастық элексирі дегенде, әдетте, әңгіме ауаны әбілхаят суы жайына ойысса керек-ті. Алайда біз жастықтың жойқын қуаты, жүз жасаған жүректің өзін алқынта, жүйрік атша жұлқынта жүрдек соқтырған жастық рухы жайын айтсақ дейміз. Жамбыл-Жәкеміздің жасы алпыстан асқан шағында, алып жүректің аманат шағындағы ақырғы соғысына дейін бүлкілдеп тұрған уағында да кәрілікті мойындамауы, қарттыққа мойымауы, буыннан алса да бойұсынбауы жастың өзін жасқантар жасампаз қуатқа ие.

Әдебиет • 12 Сәуір, 2022

Зар мен тар

Шығыс өлең үлгісінде қасида жанрының қазығын қағушы, негізін қалаушы, әйгілі «Сапарнама» кітабының авторы Нәсір Қысырау он бірінші ғасырда өмір сүріп, шығармашылық ғұмырында он бір мың бәйіт жазып, артында соның жүзге жуығы ғана қалған, хакім атанған ғұлама, шайыр.

Қоғам • 07 Сәуір, 2022

Адам - шөп

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім... (А.Байтұрсынұлы)