Әдебиет • 20 Тамыз, 2021
Сөздердің тууы, өмір сүруі, өлуі – өзінше бір цикл. Әр дәуірдің өз сөзі, сол заманның сыны мен сипатын ашатын, сана ағыны мен көңіл күйін беретін сөздер болады. Белгілі бір сөздер өз кезеңімен бірге пайда болып, сол кезеңмен бірге құмға сіңгендей, құрдымға кеткендей жоғалып жатады. Жаңа идеялар, жаңа технологиялар жаңа ұғымдарды тудырады.
Тарих • 19 Тамыз, 2021
19 тамыз – Дүниежүзілік фотография күні. 2009 жылы аустралиялық Корске Ара есімді фотографтың бастамасымен бекітілген екен. Оның негізінде 1839 жылдың 19 тамызында француз өнертапқышы Жак Луи Дагердің фотосуретті алудың ерекше тәсілін ойлап табуы жатыр. Мұны 1940 жылы Александр Уолкот жетілдіре түскен.
Әлем • 18 Тамыз, 2021
Әлем кейінгі екі жылды ауыр өткеріп жатыр. Күннің әр сәті – елең-алаң, апақ-сапақ секілді. Оған себеп, әрине, 2019 жылы алғашқы белгілері байқалған коронавирус індеті. Осы індет алып келген жаһандық пандемия әлемде экономикалық тұрақсыздықты, саяси солқылдақтықты, қоғам мен адам, адам мен адам арасындағы келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді тудырды.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2021
Хорхе Луис Борхес. Бұл есімнің дабысы қалың оқырманның арасына қанық шыққан жоқ. Есесіне, оны қолына қалам ұстаған әрбір қаламгер жақсы біледі. Неге десеңіз, әдебиетте «ақындардың ақыны», «жазушылардың жазушысы» деген ұғым бар, Борхес те солай. Мысалы, Францияда Стефан Малларме, орыста Велимир Хлебников секілді ақындар бар. Оларды әдебиет сыны «ақындардың ақыны» деп атайды.