Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
90 материал табылды

Әдебиет • 03 Тамыз, 2021

Хосенің қос өлеңі

2013 жылы, арада жүз отыз бес жыл өткен соң, Гватемала мем­ле­кетіне келген Куба елшісі ескі қорым­дағы бір жас қыздың бейі­тіне ес­керткіш тақта орнатты. Онда ал­тын әріптермен мынадай сөз жа­зылған еді: «Сезінемін, сәт туғанын – Сырды ашатын – дертті арман: Гватемалалық қыз туралы, Ғашықтықтан мерт болған! Мұнда Мария Гарсия Гранадос жа­тыр, ол – «Ла Нина де Гва­темала». Куба Сыртқы істер министрлігі»...

Қоғам • 28 Шілде, 2021

Кемшілік пен кешірім

Бұрыннан бар ма еді, әп-сәтте-ақ айтқан сөзіңді әлемге таратып жіберер әлеуметтік желі пайда болған соң қарға түскен кө­мір­дей көп көрініп қала ма, бізде бірін-бірі айыптауға, кемшілігін көпке көрсетуге, кемістігін елдің алдында ашуға құмартып тұратын бір әдет пайда болды.

Білім • 13 Шілде, 2021

Білім алып келетін бақыт

Әл-Фарабидің айтуынша адам бала­сы жаратылысынан қабілетті болады, со­ның арқасында оның әрекеттері, жан аф­фектілері және ақыл-парасаты тиісінше жақ­сы болады немесе жақсы болмай шы­ғады. Осыдан келіп адам не тамаша немесе оң­баған әрекеттерге барады. Мұны туды­ратын күйді ғұлама мінез-құлық деп атай­ды. Мінез-құлықтың дұрыс немесе бұ­рыс қалыптасуы әдеттерге байла­нысты, қайталанған әдеттер мінезге айналады.

Руханият • 06 Шілде, 2021

Астана метаморфозасы

Әдебиет • 23 Маусым, 2021

Үш, төрт және жалғыздық

«Мүйіз тарақ» әңгімесін оқи бастағанда көз алдыңа бірден үш қоғамдық формация текшеленіп келіп тұра қалады. Біріне­бірі жымдаса жалғасқан, ымыралас, ықпалдас бейнеленген, кейіпкер өмірінің кезеңдері бойынша кестеленіп, өзара келісіп алғандай бірін-бірі алмастыра жүреді.

Әдебиет • 17 Маусым, 2021

Қызғыш құс пен көңқарға

Жастайынан қорғасын зауытында еңбек еткен Тәкен Әлім­құловтың ойы қай шығармасында да қорғасын бұлттардай қопарыла, қотарыла көшіп жатады. Соның бір белгісі де осы әңгімесінен көрінеді. Жалпы, Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі – Махамбет өмі­рінің бір күнін ғана суреттесе де, сол бір күн арқылы бір ғұмырдың сырына терең бойлаған, әріден ойлаған, ақынның өмір-дерегі сы­ғымдалып, нығыздалып, бірақ кеңінен қолданылған, әдеби троптарды молынан пайдалана отырып, шеберлікпен сомдалған, піскен, ширыққан әңгіме.

Тарих • 06 Маусым, 2021

Аштықта көз жоқ

Бейімбет Майлинге алғашқы айып 1932 жылы таңылса, кейінгі атылғанға дейінгі 6 жылы да азаппен өтіпті-ау. Үміт пен үрей құшағында өткен үркінді жылдарда жазушы қолынан қаламын тастаған жоқ. Бұл кезең – қандықол тоталитарлық жүйенің ұлт бетіне шығар қаймақтары – зиялылардың желкесіне қылыш қойып тұрған уақыты ғана емес, қазақтың тұтас ұлт ретінде жойылып кету қаупі туған қос аштықтың елесі байтақ даланы кезіп жүрген тұсы еді.

Әлем • 30 Мамыр, 2021

Шағалалар топтанып ұшқанда...

1974 жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде қысқаша ғана қазанама жарық көрген еді: «Айова штаты, Дес Моинес, Помпано бич әуе­жайында өзінің ақырғы ұшуын аяқтаған соң, Джон Г. Ливингстон қайтыс болды. Мағыналы өмірі мен жанкештілігі «Джонатан Ливингстон есімді шағала» атты бестселлердің жазылуына шабыт берген Ливингстон – еліміздің ең үздік ұшқыштарының бірі».

Сұхбат • 20 Мамыр, 2021

Әзербайжан елшісі: Біз – бір атаның балаларымыз

– Құрметті Рашад Эйнаддиноғлы, әуелі Қазақстан және Әзербайжан мем­­лекет­тері Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы­мен құттықтағым келеді. Бүгінгі жас ұрпақ, жаңа ұрпақ осы датаның маңыздылығын, мәнін қалай сезінуі тиіс? Біз бұл күнге қалай келдік?

Әдебиет • 19 Мамыр, 2021

Адам жүрегі дегеніміз не нәрсе?

Гете биіктен қорқатын болған, бұл кәдімгі фобияға айналған, алайда жиырма төрт жасында жарық көріп, оған бүкіләлемдік даңқ сыйлаған, бір жылдың ішінде Еуропа халықтарының тілінен бөлек, теңіз асып, қытай тіліне де аударылып үлгерген, оны шығармашылық адамы ретінде сонша биікке көтерген «Жас Вертердің жан азабы» романының даңқы мен дақпырты оны қорқытқан жоқ, керісінше ойландырды. Ол шын мәнінде таңғалды. Неге бұлай? Жас Вертердің сезімі, құмарлығы, қайғысы мен қасіреті, азабы мен мехнаты, қорқынышы мен үрейі, бозбалаға тән болмашы босаңдығы мен тағдыршешті шешімі, күйгелектігі мен алаңғасарлығы адамдарды неге сонша толқытты, тебірентті, толғандырды, абыржытты?