Малларме
Бір кісінің жылқысы жоғалған. Өткен желтоқсанда жоғалған жылқылар Қазы ауылының Борлы көлінен мұз болып қатып қалған күйінде табылыпты. Бұл ақпарат газетімізде жарияланды. Жылқы деген жел емес пе еді, түздің желі тұлпар емес пе еді, ол еркіндіктің символы еді, соның мұз құрсауында қалуы жан түршіктірген-ді. Ойландырған. Өмір, адам өмірі жайлы.

Стефан Малларменің «Аққуының» да азабы мен қасіреті – осы. Адамдар маңайынан аулақ кеткен, аласталғандай, адырам қалған тастанды көлде аққуды мұз құрсап, байлап тастаған. Мұзды қанатымен қақ жарып, қайта ұшып кетердей қауқар қайда, қайрат қайда, құс тұтқынға айналған.
Аласұрып, азап кешкен құс өзінің арманындағы таңғажайып мекен жайлы ойланады, ал бұл дүние құс арманында жаратылған мекенді жаратпаған. Әлем ессіздігінің шырмауында қалған елестей, ұлы өнердің елесіндей, естанды халде қайда емінеді, кімге ұмсынады? Оның құрбандығын кім біледі? Кімге қажет еді?
Малларме осы бір символ арқылы өзінің азапты ақындық тағдырын, текке өткен адамдық ғұмырын суреттейтіндей. «Қарғысқа ұшыраған ақындар» санатындағы Стефанның өлеңде де бірден түсінілуі, қабылдануы оңай болған жоқ. Оны тым күрделі, тіпті түсініксіз деп тапқандар аз болған. Стефан Малларменің француз тілінде жазылған өлеңдерін түсіну үшін қайта француз тіліне аудару керек деген замандастары. Көбісі, тіпті «мағынасыздық» деп таныған.
Ал Малларме өз әлемінде бәрінен бас тартқысы келген декаденттік рухта еркіндік ұранын шырқағысы келеді. Мұз құрсауындағы аққудай. Айдын – оның өмір сүрер кеңістігі, бірақ сол су – еркіндігінің белгісі, мұзға айналғанда құлдығының белгісі болып шыға келді. Бар болғаны күй өзгерді. Көңіл күйі секілді. Дәуірдің, қоғамның, замандастарының.
Тютчев
Тютчев – ойлы, данышпан ақын. Сондықтан да болар, Толстойдың үйіне келген меймандарының бәрінен «Сіз Тютчевті оқыдыңыз ба?» деп сұрайтыны. Оқымаса, оқып беруге тұра ұмтылатыны.
Оның «Аққуы» – шын мәнінде таңғажайып өлең. Тютчевше, аққу ұшатын биіктік бар. Ал оның арғы жағында қыран ұшатын кеңістік бар. Тәкаппар, өр қыран, жай отын жанай ұшқан, жұмылмас көзімен күннің нұрын жұтқан. Ақын сол қыран биігіне емес, аққу биігіне тамсанады, қызыға қарайды. Аққудан тазалық пен күнәсіздікті көреді. Қыран биігінен суықтық пен жанкештілікті, аққу биігінен жылылық пен мейірімді сезінетіндей.
Ақынның өмірін зерттеушілер, бұл өлең жазылардан жыл бұрын қаза болған ақынның жарына арналған деп топшылайды. 1837 жылы ақын әйелін үш қызымен бірге алып, кемемен отбасылық саяхатқа шығады. Кеме суға кетеді. Құдайдың құдіретімен аман қалса да, адал жары содан кейін айыға алмай, ақыры қаза табады. Ақын аққу бейнесі арқылы – әйелінің жан күйін, қыран арқылы өз тағдырын беріп отыр деген тұжырым бар. Алайда өлең ол оқиғадан ертерек жазылған деген де пікір жоқ емес.
Ал өлеңнің өзі болса биіктік жайлы ойға жетелейді. Әр адамның өз биігі бар, шырқап шығар шыңы бар. Жеткен, жел көтерген жеріне дейін барады деп ойлаймыз ғой. Тютчевтің «Аққуы» «саған қай биік керек?» деген ойға салады. Жетуін жетерсің, жеткізер, бірақ ол сенің жаның қалайтын биік пе? Ол биікте өзіңді өз әлеміңде тұрғандай сезіне аласың ба? Мейлі ол дүние биігі, қызмет биігі, қалау мен аңсар биігі болсын.
Рильке
Райнер Мария Рилькенің «Аққуы» – символизм жалауындай, ал жалау әрқашан жүрек болған. Адамдар жалау көтеріп шыққанда, жүректерін көтеріп шығады емес пе?!. Ұлы жүректер байраққа айналады. Себебі олар ешқашан түспейді. Түскендері, алаңдарда тапталып жатады.
Рильке «Аққуы» жаныңды езіп жіберердей ауыртады. Сонша нәзіктігімен, сонша сұлулығымен, сонша қорғансыздығымен әрі асқақтығымен.
Менің қабылдауымда, бұл өлең жалпы шығармашылық адамының, жалқы алсақ, ақынның тағдыры жайлы. Оның өмір сүруге бейімсіздігі аққудың ебедейсіз жүрісі арқылы беріліп отыр. Аққудың жүрісі әрі күлкілі, әрі аянышты. Оған сол жүріс азаппен берілетіндей сезіледі. Мәжбүрлік пен мұқтаждық, ырықсыздық пен ыңғайсыздық. Өйткені аққу жүру үшін жаралмаған. Жанын жаралайтын әрбір дүниені сол жүріспен көктей өтуі тиіс. Шығармашылық адамы да өнер үшін, өнерден өзгесі – ауыр. Қарапайым пендешілік өнер адамы атынан жасалған кезде, сонша бір ұсқынсыздыққа айналады. Дүние аққудың жүру үшін жаралмағанын біле тұра оны жүруге мәжбүрлейді. Сол мұқтаждық пен мәжбүрліктің салдарынан қаншама шығармашылық адамының көл маңындағы батпақта ізі жатыр. Батпақтап қалғаны қаншама. Бұл – өмір.
Ал өлім ше? Аққулардың көлге қонған сәтін көрдіңіз бе, су бетіне таянып келгенде қанатын сабалап, қорғаншақтап, шулап, су бетін қос құлаштай сызып келіп қонады. Топ етіп тапжылмас орынға түсе қала алмайды. Құстың жүрексіне келіп қонған сәтін Рильке өліммен бетпе-бет келу деп таниды. Ал көл болса, құсты сондай бір мейіріммен, махаббатпен аялай қабылдайды. Айдынына қонған аққу патшадай паң, тәкаппар, еркін де азат қалыппен әрі қарай жылжып кете барады.
Бұл – өнердің, шығармашылықтың мәңгілігі. Көлшік жағалап көнбістікпен күн кешкенше өлімдей үрейлі болса да айдынға – шығармашылық кеңістігіне бас қой дейтіндей. Мәңгілік қозғалыс, ақиқат қозғалыс – айдында. Бұл – Рильке әлемі.
Мұқағали
Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын 1972 жылы жазды. Ол туралы өзі «Айналасы бір жетіде «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандар, хош болыңдар» жазылды» дейді. Қызық, тағы да аққулар мен қырандар. Қатар жазылған. Тақырыпты айтамын.
Наурыздың 17-сі күні осы поэмасын Ғабит Мүсіреповке оқып бергенін жазады күнделігінде. «Аққулар ұйықтағандаға» тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды. Мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам)». Толстойдың Тютчевті жақсы көргені секілді, Мүсірепов пен Мұқанов та Мұқағалиға қамқор болғандай, ақын да сырын ашар сенер кісім деп соларды жақын тұтқандай. Үлкен жазушылардың өз ақыны болары, сол ақынға ықыласы ауып, мейірі түсері де қызық.
Мұқағали «Аққуы» – қасиет, ел мен жердің қасиеті. Ақын жанының қасиеті. Алайда поэма эпилогындағы екі жол адамды ойға салады:
«Қиын екен, қимасың екі бірдей,
Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...».
Осы екі жолды оқығанда жыл бұрын Майгүлдің қаза болғанын, осы жағдайдың ақынды өзгерткенін ойлайсың. Өмір басындағы тұңғышы – Ләззаттың шетінеуі... Майгүлдің қазасы Мұқағалиды мың жылға қартайтып жібергендей, мыңжылдықтың мұңын мойнына тұмар етіп тағып бергендей, жүрегін осып түскен қара, қанды жолақтай болды. Анасы Нағиманның айтуынша, Мұқағали осы сәттен кейін мүлдем өзгеріп сала берген. Еңсесін бір көтертпейтін ойлар, бауырын езіп жіберердей сағыныш, өзекке балқыған темір құйғандай өкініш оны шынында да өзгертті. Сағыныштың түсін сары дейді. Сарғайған жапырақтай сарыала күздің сипаты емес ол. Ол бауырға жабысқан дерттей, кісіні сарғайтып жіберер құса еді. Жабығу мен торығу, жаңылу мен адасу, ашыну мен аласұру, оның өмірін өзгерткен, оның мінез-құлқын өзгерткен барлық сезімдердің басында осы құса тұрғандай. «Аққу – бала» дегені де Майгүл ме екен... ажалға араша бола алмағаны, аман алып қала алмағаны ма екен?.. Ақынның оралмаған аққулары.
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар