Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан

520 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатқан

Шымкент қаласының Полиция департаментімен қала аумағында карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен пайда табу үшін сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен заңсыз сатудың онға жуық жайты анықталды.

Жедел іс-шаралар барысында Әлімқұлов көшесі, бес үйдің ауласында үш қойма анықталды. Онда тексеру барысында полиция қызметкерлерімен шақырылған фармацевт мамандарға қойма иесі дәрі-дәрмектерді сатуға арналған арнайы лицензиясын көрсетті. Алайда бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны туралы фармацевт мамандар баяндады. Аталған қоймаларда дәрі-дәрмектер заңсыз сақталған. Фармацевт мамандар қоймада анықталған дәрі-дәремкті үш топқа бөліп, әрбір дәрі-дәрмектің қайда қолданылатыны туралы түсінік берді.

Бірінші топ – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмеген дәрі-дәрмектер. Олар “Конвулекс”, “Энцефобол”, “Алоэ экстракт инъекция үшін” және тағы басқалар. Екінші топ – респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие болған дәрі-дәрмектер. Олар “ЦЕФ 3”, “Цефтриаксон”, “Ингавирин”, “Гордокс”, “Дексаметазон” және тағы басқалар. Үшінші топ – Қазақстан Республикасында медицинада тіркеуде тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар “Депакин”, “Методжект” және тағы басқалар.

Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмаған және сақталу талаптарын өрескел бұзып тұрғанын анықтады. Яғни дәрі-дәрмектер емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіпті екенін түсіндірді. Бұдан басқа, қойманың бет жағында дәріхананы белгілейтін жарнамасы жоқ.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/shymkentte-tegin-beriletin-dari-darmekti-satqan/