Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысының дәріханаларына дәрілік заттар жеткізіледі

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысының дәріханаларына дәрілік заттар жеткізіледі

Маңғыстау облысында төрт ірі фармкомпанияның қоймасы бар. Олар дәрілік заттарды орталықтағы фирмалардан тапсырыспен алады. Соңғы кездегі дәрі жетіспеушілігіне олардың еш кінәсі жоқ. Себебі, орталықтағы компаниялардың қоймасында дәрі жетіспеушілігі байқалған, деді ол.

6-шілде күні "ЭМИТИ  Интернешнл" ЖШС Ақтау қаласындағы филиалына, "Медсервис Плюс" ЖСШ филиалына және "Инкар-Актау" ЖШС, әрқайсысына көлемі 90 м/куб бір фура көліктерімен дәрілік заттар келді. Енді оларды қойма қызметкерлері қабылдап (арнайы бағдарламаға тіркеп), ары қарай дәріханаларға таратып береді. Бұл процесс бір күндік уақытты алады.

Азаматтардың дәрілік заттарға қолжетімділігін арттыру мақсатында келген дәрілер ертең (07.07.2020 жылы) облыс дәріханаларына бөлініп беріледі.

"АДА Фарм-Актау" ЖШС келген дәрілік заттарды өз дәріханалар желісіне таратуда. Облыс аймағында 22 дәріханасы жұмыс істейді.

10 шілде күні "Медсервис Плюс" ЖСШ филиалына тағы бір фура дәрілік заттар келеді деп күтілуде. Аптаның аяғына дейін дәріханалар керекті дәрі-дәрмектермен барынша қамтамасыз етіледі, - деді брифинг спикері Ринат Кубатаев.

 

Маңғыстау облысы