Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Қызылордада 160 отбасы баспаналы болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда күні қарсаңында көптеген қызылордалық тұрғындар қаланың сол жағалауындағы жаңа ауданнан баспана алды. Мерекемен орайлас келген жұртшылық қуанышына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ортақтасты.

Қызылордада 160 отбасы баспаналы болды

– Осыдан 1 ай бұрын осы сол жағалаудан 180 отбасы баспана алып, қоныс тойын тойлаған еді. Бүгін көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылар мен ата-анасының қамқор­лығынан айырылған азаматтарға 160 пәтердің кілтін тапсырғалы тұрмыз. Қоныс құтты болсын, шаңырақтарыңызға шаттық ұя­ласын!, деді облыс әкімі.

Соңғы жылдары Қызылорда қаласында 12 жаңа шағын аудан, 7 тұрғын үй кешені бой көтеріп, 8,5 мыңға жуық тұрғын баспаналы болып отыр. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қалада соңғы екі жылда республикалық, облыстық бюджеттерден, құрылыс компания­лар есебінен көпқабатты 31 тұрғын үй салынып, баспана кезегін жылдап күткен мыңнан астам отбасы пәтерлі болды. Осы жылдың соңына дейін арен­далық және несиелік 24 үй­дің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Ал мереке қарсаңында 160 отбасы пәтер алып отырған тұр­­ғын үйлерді «Жабдықтау», «Сапақ», «Нұр-Талап және К», «Астана-Сервис» ЖШС құры­лысшылары салып шыққан. Сол жағалауды жаңа кейіпке енгіз­ген құрылысшыларға аймақ басшы­сының Алғыс хаты табысталды.

Осы ауданнан 40 пәтерлі үйді мерзімінен бұрын салып бітірген «Нұр-Талап және К» ЖШС жетек­­шісі Қанатбек Керейтбаев құ­рылысқа негізінен отандық мате­риалдар қолданылғанын ай­тады.

Салтанатты шарада баспаналы болғандар атынан көпбалалы ана Ләззат Жұбаниязова мерейлі мерекеде өздеріне көп қуаныш сый­лаған құрылысшыларға алғы­сын жеткізді.

 

ҚЫЗЫЛОРДА