Қазақстан • 08 Шілде, 2020

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусым айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7% көп, - деп хабарладыEgemen.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Азық-түлік себетіне 18,7 мың теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55%), азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 15,3 мың теңгеден (45%) келеді. Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында: 39,9 мың теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болған. Жылдық өсім 8,2% құрады. Екінші қатарда - Нұр-Сұлтан қаласы. Елордадағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылға қарағанда 13,2% көп. Үштікті Алматы аяқтайды, онда ең төменгі өмір сүру құны 37,3 мың теңгені құрады (бір жылда +14,6%).

Бір жыл ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Сонымен, ет және балық өнімдері үлесінің өсуі байқалды – 19,5%-тен 19,7% дейін. Жемістер мен көкөністердің үлесі 12% дейін көбейді. Соондай-ақ сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі 14,4%, қант, шай және дәмдеуіштер 1,7% дейін төмендеді.