Құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің уәкілі, аға офицер Ақтөре Талғатұлы , "Түркістан -адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері, тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің уәкілдері, ҰЭМ "Бәсекелестікті қорғау және дамыту" Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және облыстық "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар арнайы жұмысшы топ дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында дәріханалардың бірінде кассалық аппараттың болмауы және дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуі сынды бірқатар кемшіліктер анықталып, аталған олқылықтарды түзетуге қатысты жауапты мамандарға тапсырма берілді.
Бүгінгі күні ел аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректері жиі кездесуде. Осыған орай, "Түркістан – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен облыс орталығындағы бірқатар дәріханаларға дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда тағы бір ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан
Қоғам • Бүгін, 02:19
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 27 сәуір күнгі ауа райы болжамы жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 01:48
Семейде теміржол қызметкерлерін бопсалаған блогер сотталды
Қоғам • Бүгін, 01:16
Ақмола облысында 30-дан астам тұрғыннан 62 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 00:58
Талбесік • Бүгін, 00:25
Форум • Бүгін, 00:15