Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Алматыдағы "Медсервис Плюс" компаниясы дәрілерді жедел жеткізу әрекетін жүргізіп отыр

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы "Медсервис Плюс" КФК ЖШС фармацевтік компаниясының атқарушы директоры Светлана Волченко медпрепараттар мен заттарды жеткізудің және өткізудің қазіргі жағдайына байланысты ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы "Медсервис Плюс" компаниясы дәрілерді жедел жеткізу әрекетін жүргізіп отыр

"Медсервис компаниясы бүгін жүгі бар көліктерді қабылдады, оларға 220 мың аспирин, 140 мың парацетамол (балалар мөлшері 0.2), 90 мың аскорбинка мен глюкоза, 110 мың цефтриаксон тиелген. Бұл – жалпықазақстандық цифр. Аталған дәрі-дәрмектердің 40%-ы Алматыда қалады", - деді Светлана Волченко.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі нарыққа дәрі-дәрмектерді дереу жеткізу үшін процедураларды жеделдетуде.

"Өнім тез жеткізілуде, үлкендерге арналған 240 мың парацетамолды қосымша күтудеміз", - деді ол.

Светлана Волченко қала дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу процесін де айтып берді.

"Процесс онлайн режимде жүреді. Барлық дәріханалар өтініштерін электронды алаңда береді, барлық тапсырыстар таңғы 9-ға дейін орындалады, ал қалғандары келесі күні іске асады. Мүмкіндігінше дәрілер дәл сол күні жеткізіледі. Бір күнде 800-900 өтініш орындалады. Мысалы, өткен аптада түн ішінде Алматыға 100 мың парацетамол жеткізу жөнінде өтініш берілді, ертесінде тапсырыс толық жеткізілді", - деді Светлана Волченко.

Ол өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жарты жыл бойына ай сайын 500 мың парацетамол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселенің талқыланып жатқанын атады. Серіктес зауыттың бір ай ішінде 1 млн қаптаманы шығара алмайтынын айтты және "Медсервис Плюс" ЖШС үлкен мөлшерде парацетамол жеткізетін зауыттарды іздестіріп жатқанын жеткізді.

Еске сала кету керек, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы селекторлық кеңес өткізген болатын. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың  еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлікті, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алуды жеделдету қажеттігін қадап тұрып айтты.