12 Қазан, 2013

Беларусь президенті Ресейдің Калининград облысын алуға дәмелі

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 10-LukoshenkoБеларусь президенті Александр Лукашенко Ресейдің Калининград облысын өзіне алуға дәмеленіп отыр. Бұл туралы Ресейдің Би-Би-Си ақпарат қызметі хабарлады.

«Біз Путин екеуміз жуырда Калининград үстінен тікұшақпен ұштық. Сонда мен оған бұл өңірдің Совет Одағының кезінде ең құнарлы жер болғанын, ал қазіргі кезде дұрыс игерілмей жатқанын айтып, оны біздің елдің иелігіне беруін сұрадым», – дейді Беларусь президенті. Ол сондай-ақ Совет Одағының кезінде Калининград облысы Минскімен тығыз қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Александр Лукашенко Калининград облысынан сүт өнімдерін шығаратын кешен ашып, өнімді Литваға өткізуге ниеттеніп отыр.

Айдар Өрісбаев.    

Соңғы жаңалықтар