12 Қазан, 2013

Хоккей. «Барыстың» нәтижелі сериясы үзілді

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-10-13-ak barys-barys-1

Құрлықтық хоккей лигасында былтырғы жылдан бері алаңнан шайбасыз кетпей келе жатқан Астананың «Барыс» командасының осы нәтижелі сериясы бүгін үзілді. Оны Қазанда асаналықтарды 5:0 етіп ұтқан жергілікті «Ақ Барыс» жасады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі хабарлады. Кездесуге дейін қазақстандықтар 88 рет алаңнан шайбасыз кеткен жоқ. Оларға Мәскеудің «Спартагына» жетуге 4 ойын ғана қалған. Мұндай екінші нәтижелі көрсеткіш «Ақ Барыстың» еншісінде, ол 103 рет шайба соққан. Ал Барыс» Ярославльдің «Локомотивімен» бірге 3-4 орындарды бөлісіп тұр. Дәл қазір бұл жөніндегі көшті Санкт-Петербургтің СКА-сы бастап келеді. Ол бүгінге дейін қатарынан 111 ойында шайба түсірген. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар