Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

"Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке қарай, COVID-19-ға тапсырған тестілеуден оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау", деді Қайрат Ахметов.

Әкім  қала тұрғындарына шектеу шараларына бейжай қарамауға шақырды. 

 

Қостанай облысы