
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Марс алаңында шеру ұйымдастырмақшы болған гейлер мен оларға қарсы шыққан казактар арасында қақтығыс бола жаздады. Бұл туралы «piter.tv» хабарлады.
Бүгін, 12 қазан күні шеру өткізбекші болып Петербургтегі Марс алаңына келе жатқан лесбиянкалар мен гейлер қозғалысының 60-қа жуық өкілін оларға қарсы беттеген қала тұрғындарының жасағы тоқтатты. Қала тұрғындары арасында казактар, ұлтшылдар, дінге сенуші азаматтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ белгілі спортшы Андрей Кочергин болды.
Жұртшылық гей-парадқа қатыспақшы болғандар мен ұйымдастырушыларға түтін шығаратын ыдыстар мен жұмыртқалар лақтырды. Бірақ күш қолдану мен сөзбен қорлау орын алған жоқ. Екі жақтың ортасында ОМОН жауынгерлері мен полиция қызметкерлері тұрды. Дегенмен, қызтекелердің белсенділері қамауға алынды.
Қара Бозай.