12 Қазан, 2013

Жапонияда роботтар спектакльде ойнады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-10-13-kukly yaponskye-1

Жапонияның астанасы – Токио қаласында өткен «Жапон күзі-2013» фестивалінің шеңберінде «Драматургия өнерінің мектебінің» сахнасында жапон режиссері Ориза Хиратаның орыс жазушысы А.Чехов пьесасының желісі бойынша қойған «Апалы-сіңлілі үш қыз. Андроид версия» атты спектаклі көрсетілді. Бұл туралы «Лента.Ру» хабарлады.

Мұндағы жаңалық оның қойылғанында емес. Мәселе спектальде роботтар ойнап шықты. Режиссерге мұнда робот техгнигі Хироги Исигуро көмектесті. Бұған дейін робот-геминоидті жасаған маман оны адам бейнесіне қатты ұқсастыра алады екен. Жаңа спектакльде осындай екі робот ойнады. Олар бір қарағанда адамнан айнымайды.

Бірақ Хиратаның интерпретациясында Чехов қойған Ольга, Маша және Ирина есімді қыздар жапон ыңғайымен Рисако, Мариэ және Икуми болып аталған.

Спектакль 6-9 қазан күндері қойылды.

Мұрат Айтқожа.  

 

Соңғы жаңалықтар