13 Қазан, 2013

Қызылордада трактор құрастырып шығарылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IMG 2146

Кеше, 12 қазан күні Қызылорда қаласының 195 жылдығына арналған мерейтой барысында «АралАзовАгроМаш» БК ЖШС кәсіпорнында құрастырылып шығарылған бірнші «IMT Baikonur-549» тракторының тұсауы кесілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Үстіміздегі жылдан бастап Сербия елінің Белград трактор зауытымен бірлесе трактор құрастыру жұмыстары қолға алынған болатын. Ол үшін Қызылордаға 15 дана трактордың жабдықтары жеткізілді. Тұсаукесерге Сербия Республикасынан келген арнайы делегация құрамында Сербия мемлекетінің Қазақстандағы уақытша өкілі Бранислав Радойчич және Белград «IMT AD» трактор зауытының бас директоры Зоран Радославлиевич болды. Шетелдік делегацияны облыс басшысы Қырымбек Көшербаев, қала мэрі Нұрлыбек Нәлібаев және «Байқоңыр» ӘӘК» ҰК АҚ төрайымы Жанат Самат бастаған топ қарсы алды», - делінген хабарламада.

Жобаның жетекшісі Асхат Сүлейменов облыс әкіміне күрішті дестелеп ору жаткасын және шөп тайлағыш машинасының құрастыру жобасымен таныстырды, алғашқы құрастырылған тракторды көрсетті.

Өз ретінде, Сыр елінің басшысы Қызылордада жиналған нөмірі бірінші «Baikonur IMT-549» трактордың кілтін «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС директорына табыстады. Ал Асхат Сүлейменов облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа алғашқы құрастырылып шығарылған трактордың нөмірі көрсетілген естелік белгіні (шилдикті) тапсырды. Тұсаукесер соңында облыс әкімі кәсіпорын ұжымының еңбектеріне табыс тілеп, алдағы уақытта дами берулеріне тілектестігін білдірді.

Серік Құлымбай.

Соңғы жаңалықтар