Президент • 10 Шілде, 2020

Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін барлық елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі қажет

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", деп Egemen.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін барлық елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі қажет

Қазақстан Президенті: "Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", деп Үкімет пен әкімдіктердің қызметіне көңілі толмайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, мектептердің балансындағы 400 мыңнан астам компьютердің тек 40 пайызы ғана іске жарады. Бұл – әкімдіктер мен министрліктің жұмысының нәтижесі. Әкімдіктер жаңа оқу жылына дереу дайындалып, мектептер мен жекелеген мұқтаж отбасыларды қажетті техникамен жабдықтаулары тиіс екенін нақты айтты.