
Ақтөбенің шеткері жағындағы емдеу мекемесінде бір қыз зорланды. Сенбі күні Ясный кентінің тұрғыны полиция келіп, аурухада туберкулездің ашық формасынан емделіп жатқан 25 жасар жігіттің түнгі сағат 2-де өзін зорлағанын мәлім етті. Бұл туралы Аktobetimes.kz хабарлады.
Осы зорлықтың нәтижесінде жәбір көруші жыныстық мүшесі мен белінен жарақат алған. Оқиға Новый кентіндегі алкоголизмнен, нашақорлықтан және туберкулезден күштеп емделетіндер жататын емдеу-алдын алу мекемесінде болған.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, жәбір көруші қыз мұнда туысының жағдайын білу үшін келеді. Мұнда келушілер сағат 19-да шығарылады. Бірақ қыз ұзақ отырып қалады да, соңынан қонбақшы болады. Ал күдікті бұл жерде өзінің ешқандай кінәсі жоқ екенін айтады. Ол қыз бәріне өзі келісті дегенді білдіреді. Осыған байланысты қазір сараптама тағайындалған. Ал күдікті қамауға алынған.
Емдеу мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Балбек Есжановтың айтуынша, күдікті науқас режімін ұдайы бұзатындар қатарына жатады екен. Оның мекемеден кетіп қалып, спиртті ішімдік алып келетін кездері көп. Ал соңынан іздеп ешкім келмейді.
Құрыш Нұрымбет.