
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Ақтау трассасының бойында КамАЗ автокөлігі бес мәшинені жайпап жіберді. Соғылған көліктердің кейбіір жолдың жиегінен ұшып кетті. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлады.
Облыстық жол полициясының мәліметіне қарағанда, оқиға кеше, сенбі күні сағат 20:00-де Қарақия шатқалы маңында болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері апаттың орын алуына жүк көлігінің тежегіші істемей қалуы себеп болғанын айтып отыр. Нәтижесінде ол жол жиегіндегі бес бірдей жеңіл мәшинені сүріп өте шыққан.
Құқық қорғау органдарындағы мәнбе көздері жол-көлік оқиғасының өлім-жтіміге апарып соқтырғанын жеткізді. Оқиға болған жерге авариялыққұтқару қызметінің өкілдері келді.
Қара Бозай.