13 Қазан, 2013

Ақтауда орынға таласқан екі жігіттің бірі оқ атты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-10-13-parkovka-1

Бүгін, 13 қазан күні Ақтауда көлік қоятын жерге таласып қалған екі жігіттің бірі екіншісін мылтықпен атты. Бұл туралы «Лада.kz» хабарлады.

Оқиға таңертең қаладағы 3 «а» шағын ауданының 27-үйі жанында болған. Екі жүргізуші көліктерін қоятын жерге келісе алмай қалады. Криминалды полиция басшысы Павел Тарабриннің айтуынша, олардың ешқайсысы бір-біріне жол бергісі келмеген.

Сөзбен қағысқан шиеленіс соңы олардың бірінің қалтасынан пневматикалық тапанша шығарып, екіншісін атуымен аяқталған. Қарсыласын жарақаттап тастаған жүргізуші сол бойы оқиға болған жерден қашып кетеді. Кейінірек полиция қызметкерлері оны 28-шы шағын ауданнан байқап қалады.

Жарақат алған жігіт ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда, оның жарақаты жеңілдеу болып шықты. Жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Ал күдікті іздестіріліп жатыр.

Құрыш Нұрымбет.

Соңғы жаңалықтар