Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Атырауда 137 500 бетпердені құжатсыз сатқандар ұсталды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қу құлқынның қамы не істетпейді?  Медициналық бетпердені лицензиясыз сатқан екі тұрғынның әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда 137 500  бетпердені құжатсыз  сатқандар  ұсталды

"Полиция қызметкерлері 10 шілдеде  "Лесхоз" ықшамауданында екі ер адамды ұстады. Олар осындағы ғимараттың бірінде медициналық бетперделерді лицензиясыз әрі қымбат бағаға сатқан. Ұсталғандардан 137 500  медициналық бетперде тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.