Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Атырауда блок-посттар қойылмайтын болды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен тәулікте мұнайлы өңірдің 243 адамынан қауіпті індеттің белгісі  анықталып, науқастардың саны 7393-ке жетті. Соған қарамастан, облыс аумағында блок-посттар қойылмайтын болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда блок-посттар қойылмайтын болды

Аймақ әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметіне қарағанда, эпидемиологиялық жағдай күрделенетін беретін болса,  қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға, жауапкершілікті сезінуге шақырамын. Әлеуметтік қашықтықты және маска режимін сақтап,  жеке гигиена туралы ұмытпаған жөн. Егер, жағдай  одан әрі күрделенетін болса, біз карантин режимін қатаңдатуға мәжбүр болатындығымызды ескертемін. Мұны  алдағы екі апта көрсетеді", - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.