"Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 шілдеде сағат 21:40-та "УАЗ" көлігінің өртенгені туралы хабар түсті. "Доссор-Атырау" тас жолының бойында орналасқан "Промгаз" ЖШС-нің газ құю станциясының қасында 2007 жылы шыққан автокөлік өртенді. Өрт кезінде көлік жарылды" -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға "Семсер" және Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрттен ешкім зардап шекпеді.