Аймақтар • 11 Шілде, 2020

Атырауда қосымша шектеу шаралары енгізілді

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай шектеу шаралары бүгін күшіне енді. Осыған орай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиевтың  11 шілде сағат 00:00-ден бастап  қосымша  бірнеше шектеу шаралары енгізу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда қосымша шектеу шаралары енгізілді

"Жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін;

күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат ету;

қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін;

ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне  тыйым салу;

Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын;

бизнес орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалары) қызметіне тыйым салынсын" - делінген қаулыда.