
Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласы көше бойымен кетіп бара жатқан көліктің жүргізушіге қайыру бермей, «өз бетінше» жолдың жиегіндегі үйге барып соғатын айрықша бір қоныс болып тұр. Бұл шаһарда қазанның 12-сі күні тағы бір көлік осылай көшенің жиегіндегі үйге барып, қойып кетті. Мұның жайын «Уральская неделя» хабарлады.
Таңғы сағат 4-тің кезінде «BMW Х-5» автокөлігі қабырғасын бұзып кірген үйдің иесі Айбар Қайыров былай дейді:
«Мен бұзылған қабырғаның жанында ұйықтап жатыр едім. Шлакты блок қабырғаның жарықшақтары үстіме келіп құйылды. Көлікте бірнеше жігіт пен бір қыз отыр екен. Қабырғаға соққанан кейін олар дереу басқа мәшинеге мініп кетіп қалды».
Сол түні тағы бір көлік облыстық филармонияның қабырғасын бұзып кіріпті.
Осымен тек биылғы жылдың өзінде Орал қаласында төртінші мәшине көше жиегіндегі үйге кіріп кетті. Оның біріншісі облыс әкімі орынбасарының баласына тиесілі көлік еді. Кейін тізгінді 23 жасар студент жігіттің өзі емес, оның досы ұстаған деген тұжырым жасалды. Бұдан кейін тағы бір көлік осы «ерлікті» қайталады. Енді, міне, оралдық жүргізушелір «алтын шыққан жерді белден қазып», жол жиегіндегі үйлердің ішіне ағызып кіріп кетуден өзіндік бір жарысты бастап кеткен сияқты.
Құрыш Нұрымбет.