Ыстанбұл қаласындағы Айя София музейі бұдан былай мешіт атанбақ. Түркияның мемлекеттік кеңесі тарихи жәдігерді музей ретінде тіркеу туралы үкіметтің 1935 жылғы жарлығын жою туралы шешім қабылдады. Осылайша, әлем жауһарларының бірі бұдан былай мешіт ретінде халыққа қызмет етеді.

Мәселе түсініктірек болу үшін әңгімені тарихтан бастаған жөн болар. Біздің дәуіріміздің V ғасырында қазіргі Анадолы жерінде Византия империясы өмір сүргені белгілі. Сол кезеңде империя астанасы – Константинополь (қазіргі Ыстанбұл) шаһары еді. 532 жылы император Юстиниан Византияның даңқын асқақтатып, ел астанасын әлемге әйгілейтін үлкен ғибадатхана салдыруға шешім қабылдайды. Айя Софияның ауқымын мынадан-ақ байқауға болады. Бірнеше жылға созылған құрылысқа Византия империясының үш жылдық қазынасы кеткен екен.
Әулие София ғибадатханасы 15 ғасырлық тарихында талай оқиғаны бастан өткізді. Бірнеше рет жер сілкінісінен зардап шегіп, қайта жөнделді. Ал 1453 жылы түріктер Константинополь қаласын жаулап алады. Осман империясының басшысы Фатих Сұлтан Мехмед ислам әлемінің христиандардан үстемдігін дәлелдеу мақсатында Әулие София ғибадатханасын мешітке айналдыру туралы шешім қабылдайды. Соған байланысты ғимарат маңында төрт мұнара тұрғызылып, «Айя София» атауын иеленеді.
XVI ғасырдың екінші жартысында ІІ Селим мен ІІІ Мұрат сұлтандар тұсында ғибадатхананың сыртқы келбетіне айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Алайда XIX ғасырдың ортасына дейін мешітте жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен, ғимарат тоза бастайды. Мұны аңғарған Абдул-Меджид сұлтан 1847 жылы Айя Софияны күрделі жөндеуден өткізуді бұйырады.
Ғимараттың музей мәртебесін алуы бертінде, Осман империясы тарап, оның орнына Түркия Республикасы құрылуымен тығыз байланысты. Анадолыда түріктер мемлекетінің негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік 1935 жылы арнайы жарлық шығарып, Айя София мешітін музейге айналдыруға шешім қабылдайды.
Осылайша, ғибадатхананың жаңа дәуірі басталды. Бүгінде Айя София Түркияның ғана емес, әлемнің жауһары саналады. Оған қоса, ғимарат туристер көп баратын орынға да айналды. Мәселен, 2019 жылы Айя Софияны көруге шартараптан 3,7 миллион мейман келген екен.
Ғимаратты музейге айналдыру шешімі Ататүрікке тиесілі екенін жоғарыда айттық. Айя Софияны қайтадан мешітке ауыстыруға түріктер бірнеше рет талпынып көрген-ді. Алайда билік тарапынан қолдау болмағандықтан, жабулы қазан жабулы күйінде қалып келді. Былтыр көктемде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Әулие София музейін мешітке айналдыру қажеттігі туралы сөз қозғаған болатын. Содан бері бұл әңгіме Анадолыда қайта көтеріліп, ақыры мемлекеттік кеңестің қарауына өтті.
Кеңес өз шешімін мәлімдегеннен кейін Режеп Тайип Ердоған Айя Софияның мешіт мәртебесін алатынын, бұдан былай құлшылық жасауға рұқсат етілгенін жариялады.
«Осы шешімге сәйкес, Айя София мешітін басқару Дін істер басқармасына беріліп, құлшылық жасауға есігін ашады», делінген ел президентінің жарлығында. Р.Ердоған ресми құжаттың көшірмесін өзінің туиттердегі парақшасында жариялады.
Түркия билігінің бұл шешімі халықаралық қоғамдастықта қызу талқыға түсті. Әсіресе, АҚШ, Грекия және Ресей бұл қадамды құптамайтынын мәлімдеді. Элладалар елі Айя Софияны мешітке айналдыру ашық провокация деп есептейді.
ЮНЕСКО ұйымы Түркия билігінің шешіміне өкініш білдіретінін жеткізді. Естеріңізге салсақ, 1985 жылы Айя София ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген еді. Дегенмен, түріктер Айя Софияның мәртебесін ауыстырудан бас тартуға шақырған пікірлерді тойтарып тастады. Түркияның сыртқы істер министрлігі ғимарат Түркияның меншігіне жататынын айтып, Анкара билігі өзгелердің пікірінсіз ғибадатхананы мешітке айналдыруға құқылы екенін мәлімдеді.
Қорыта айтқанда, ғибадатхананың мешіт атануына қажетті ресми құжат жағы таяу арада толыққанды шешілмек. Қысқасы, бұдан былай Айя Софияда азан шақырылып, намаз оқылмақ.
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар