Дүниені бір тарының қауызына сыйғызып жіберген жұқпалы індет әлемнің экономикалық дамуы мен өндірістік үдерісін қайта жоспарлауға мәжбүр еткені анық. Яғни, бұдан былайғы кезеңде тұтыну нарығын қамтитын өнеркәсіп саласындағы жаһандану үрдісі үзіліп, ішкі өндірістердің дамуына көңіл бөлудің маңызы күн тәртібіне шығады.

Бұл, әсіресе мемлекеттер дамуындағы стратегиялық бағыттардың ұлттық қалыпқа оралуына жол ашатын тиімді мүмкіндік ретінде бағалануы керек. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп пен фармацевтика өндірісіне бірінші кезекте көңіл бөлінуі тиіс. Анығында, коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған бұл талаптар ұлттық экономиканы модельдеу мен индустрияландыру бағыты бойынша отандық фармацевтикаға ерекше назар аудару керек екенін еске салғандай. Өйткені соңғы аптада Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы анық сезіліп, денсаулық сақтау саласының жұмысы ақсап қалғанын жасыруға болмас. Демек дәрі-дәрмек өндірісін өркендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – міндет.
Қазақстан үшін фармацевтика өндірісі таңсық емес. Яғни, елімізде дәрі-дәрмек шығаруға мүмкіндік бар әрі оған барлық жағдай да жасалған. Ендігі жерде бұл саланың дамуына жоғарғы деңгейде бақылау орнап, қаржылай қолдаудың нәтижесін талап ету тетігі күшеюі қажет сияқты. Өйткені қазір отандық нарыққа қажет дәрі-дәрмектің 87 пайызы шетелден тасымалданады. Ал қалған 13 пайыз үлеске ие қазақстандық өнімнің өзі медицина саласы мен халық денсаулығына қажет өнім түрін шығаруға қол жеткізе алмай отыр. Отандық фармацевтиканың бұл мәселесіне Қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баса назар аударып, саланы дамытуға қатысты түбегейлі реформа жасау қажет екенін айтқан болатын. Яғни Президент фармацевтика саласындағы жаңа саясат ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге, өндіріске озық технология үлгісін тартуға және импортты алмастыруға бағытталатын өткір шара туралы атап өтті.
«Өкінішке қарай, елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды. Біз – импортқа тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Соған қарамастан, отандық ғылымның фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибесі жеткілікті. Ғылыми база да, білікті мамандар да бар. Сондықтан үкімет дәрі-дәрмек өндірісінің біртұтас жүйесін құруы қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазір еліміздің фармацевтика өндірісінде 168 нысан жұмыс істеуде. Олардың үшеуі қуатты кәсіпорын санатына кіретін болса, 11 өндіріс орнының жұмыс қуаты орташа және 154 мекеме шағын өнеркәсіп қатарында аталады. Сондай-ақ бұл салада 16 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған екен. Ал 2010 жыл мен 2018 жыл аралығындағы кезеңде фармацевтиканы дамытуға арналған 30 жоба мақұлданып, оған 45 млрд теңге қаржы бағытталған. Әрі дәрі-дәрмек өндірісіне инвестиция тарту жұмысы да жанданған. Қазір Қазақстанда Түркия, Польша, Қытай және Ресей елінің қаржысына салынған зауыттар өнім шығаруда. Осы мақсатқа құйылған инвестиция көлемі – 28,8 млрд теңге шамасында.
Сондай өндірістің бірі – 2014 жылы іргесі бекіген «Kelun-Kazpharm» фармацевтика зауыты. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Елтай ауылында орналасқан өндіріс – Hong Kong Sunlight International Trating Co., Limited, Kelun International Development Co., Limited корпорациясының Қазақстандағы ірі инвестициялық жобасы. Өндіріске 7,5 млрд теңге инвестиция салынған. Қазір «Kelun-Kazpharm» фармацевтикалық зауыты өз өндірісін екі бағытта дамытып отыр. Бұл зауыт дүние жүзіндегі медициналық препараттар өндірісінің сапасын қадағалайтын GMP талабына толықтай сай келетін алғашқы кәсіпорынның бірі. Өндірістің бір бағыты инфузиялық ерітінді дайындауға арналып жабдықталған. Алынған өнім жоғары сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес полипропиленді құтыларға құйылады. Бұл препарат отандық медицинада ғана емес, әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болып отыр. Ал дәрі-дәрмек өндірісінің екінші бағыты инекциялық сұйықтық шығаруға арнайы жабдықталған. Шыны ампулаларға құйылған өнімнің сапасы мен медициналық талап өлшемі әлемдік стандарттар тұрғысынан жоғары баға алған. Қазір зауыт үшінші бағыттағы өндірісті іске қосуға кірісіп жатыр. Жоба сәтті жүзеге асса, «Kelun-Kazpharm» елімізде алғашқы болып жоғары технологиялық әдісте дайындалатын лиофилизинді ұнтақ дәрі жасау өндірісін жолға қоймақ.
– Бүгінде зауытта 380 адам жұмыс істеуде. Біз төтенше жағдай кезінде де өндірісті ақсатқан жоқпыз. Санитарлық талап өте жоғары деңгейде сақталады. Жұмысшылардың да жағдайы жасалған. Болашақта жұмыс орнын 450 қызметкерге дейін жеткізу жоспарда тұр. Зауыттың дайын өнімі еліміздің барлық қаласына жөнелтіледі. Көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінің медицинасы да біздің өнімге мұқтаж, – дейді фармацевтика зауытының атқарушы директоры Мерей Сламұлы.
Тоқетерін айтқанда, дәрі-дәрмек өндірісін дамытып, елімізді отандық өніммен толық қамтуға мүмкіндік бар. Әрі осы саладан түсетін табыстың да жоғары екені дәлелденген. Мысалы, 2010-2018 жылдар арасында отандық дәрі өндірісінің жылдық табысы 4 есеге дейін ұлғайып, 19,9 млрд теңгеден 78,8 млрд теңгеге дейін өскен. Және бұл сома айналымдағы 13 пайыздық үлестен түскен пайда болса керек. Ал ішкі нарыққа кірген импортқа жұмсалатын қаржы миллиондаған АҚШ долларын құрайды. Демек, бұл дәрі-дәрмек дағдарысының отандық фармацевтиканы оңалту мен одан әрі дамытуға оң әсері болатыны анық.
Алматы облысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар