Экология • 13 Шілде, 2020

Табиғатты аялауға үйретейік

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің айтқан бастамалары өте маңызды деп есептеймін. Қазақстанда шын мәнін­де, мектептен бастап, экологиялық білім беру қа­жет.

Табиғатты аялауға үйретейік

Ақтаудағы итбалық­тар­ды таспен, таяқпен ұрып жатқан соңғы бей­не­көрініске қарағанда, бізде адамның жануарлар дүние­сімен үйлесімділігі қалып­таспағаны анық. Адамдар егер жолында жабайы аң кездесе қалса, не істеу керектігін білмейді. Сондықтан мектептерде экологиялық білім беру пәнін енгізу қажет.

Азаматтарға өңірлердегі Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар туралы айтып, түсіндіру қажет. Көп адам өзі өмір сүріп жатқан өңірде қорғаудағы жануарлар мекендейтінін білмейді. Оларды қорғау керек екенін, өшпенділікпен қарамау керектігін аңғармайды. Егер бала кезден табиғатты аялауға үйретсе, қазір ондай проблема туында­мас еді. Сондықтан Прези­де­нт айтқан бастама әб­ден пісіп-жетілген әрі Қазақстанға керек бастама. Менің ауаның тазалығы, қоқыстарға қа­тыс­ты да айтарым бар. Мәселен, бізде Каспийдегі ба­лық аулайтын торлар мен теңіз­дегі қоқыстар туралы жоба болды. Бұл мәселені де мек­теп оқушыларымен кеңі­нен талқылау қажет.

 

Әсел Баймұқанова,

экобелсенді