Спорт • 13 Шілде, 2020

9 ойыншымен келісімшартын ұзартты

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» баскетбол клубы тоғыз ойын­шымен келісімшартын ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҰОК бас­пасөз қызметі.

9 ойыншымен келісімшартын ұзартты

Атап айтар болсақ, команда капитаны Рустам Мырзағалиев, Максим Марчук, Дмитрий Гаврилов, Николай Бажин, Роберт Пан, Вадим Щербак, Асқар Майдекин, Руслан Айтқали және Андрей Литвиненко алдағы маусымда да «Астана» клубында өнер көрсетеді. Жанкүйерлер үшін ең ардагер ойыншы Антон Пономаревтің құрамаға оралуы қуанышты хабар болды. Осымен, қазіргі таңда «Астана» сапында барлығы 10 қазақстандық ойыншы бар.