Қоғам • 13 Шілде, 2020

Үкімет шілде айына мұқтаж жандарға 42 500 теңгеден төлейді

1964 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңгеден төлейді. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Үкімет шілде айына мұқтаж жандарға 42 500 теңгеден төлейді

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға Үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді", деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді.