Қазақстан • 14 Шілде, 2020

Еліміздің темір жол жүк тасымалы қарқынды өсуде

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жыл маусымының қорытындысы бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ инфрақұрылымындағы жалпы тиелімі 20,5 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4% жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің темір жол жүк тасымалы қарқынды өсуде

7,1 млн тонна көмір тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,8% асып отыр. Соның ішінде өңір бойынша 4,8 млн тонна қатты отын болса, оның өсімі 4%-ды құрады. Ал 653 мың тонна астық тиелсе, соның ішінде экспорт 446 мың тоннаға жуықтайды. Маусымда химиялық тыңайтқыштар тасымалы 22%, ал түрлі түсті кен мен күкірт шикізаты 15% артып отыр.

Темір рудасы мен марганецтің 2,2 млн тоннасы,  құрылыс жүктерінің 2 млн тоннасы тасымалданды. Пайдаланылған жүк айналымы маусымда 19,3 млрд т-км неттоны құрады және өткен жыл деңгейінен 8,5% асты. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 111,8  млрд т-км неттоға жетсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 3,9% жоғары.

Толықтай алғанда алты айда 121 млн тонна жүк тиелді. Атап айтқанда, 49,5 млн тонна көмір тасымалданса, бұл өткен жыл көрсеткішінен 3% жоғары. Сонымен қатар қазақстандық тұтынушылар үшін 35,7 млн тонна жеткізілді.

4,2 млн тонна астық, 8,8 млн тонна құрылыс жүктері және де 12,6 млн тонна темір рудасы тасымалданды.

Қара металл (2,3 млн тоннаға) тасымалы 6,8%, химиялық тыңайтқыш тасымалы 3,5% (1,9 млн тоннаға), түрлі түсті руда мен күкірт шикізаты 15,6% (11,3 млн тоннаға) өсті.