Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Сыр өңіріне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр өңірінде медициналық мекемелер мен дәріханалар желісін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолға алынды.

Сыр өңіріне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

Мысалы, жақын арада құны 150 млн теңге болатын дәрілік заттар жеткізу үшін Өзбекстанмен келісім шарт жасалып жатыр. Ресей және Катар елінен келген дәрі-дәрмектер жуық арада ауруханаларға, облыс орталығы мен аудандардағы дәріханаларға жеткізіледі.

Өңірлегі инфекциялық және провизорлық стационарларға қажетті дәрілік заттар "СК-Фармация" тарапынан берілген өтінімге сәйкес қамтамасыз етілуде.

Амбулаторлық жағдайдағы дәрілік заттарға барлық емханалар қосымша өтінім беріп отыр. Бұл дәрілер амбулаторлы жағдайда нақтыланған пневмония диагнозы қойылған науқастарға тегін берілетін болады.