Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге ғана тән. Демек, қай елдің де өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», деген болатын. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаз еңбегінің жемісі. Себебі ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді.
«Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ» деп келетін бұлжымас заңдылық бар. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан. Осы орайда білім беру саласында көп жылдан еңбек етіп келген әріптесім жайлы ой қозғағым келеді. Хадиша Мантайқызы Шаймерден – 1965 жылы Қазақ мемлекеттік педогогикалық қыздар институтын тәмамдап, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Қызылжар орта мектебіне химия және биология пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. Ол табанды еңбектің арқасында мектеп директоры дәрежесіне дейін көтерілді. 1991 жылы мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерді ашу сұранысы туындаған кезде Хадиша Мантайқызы осы қызметке белсенді араласып, Жітіқара қаласында және басқа аудандардан мектеп жанындағы интернатқа қазақ ұлтының балаларын жинады. Жетіқара, Қамысты және басқа да бірнеше аудандарындағы қазақ мектептерінің мұғалімдеріне семинар өткізіп, орыс тілінен қазақ тіліне әдістемелік нұсқаулықтарды аударып, дидактикалық материалдар жинағын құрастырды, жас мұғалімдерге көмек көрсетті. 2000 жылы Астрахан ауданына аудандық білім бөліміне бас маман боп оралды.
2001-2005 жылдары Жалтыр №4 орта мектебінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болса, соңғы жылдары химия және биология пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеп келді. Мұғалім еңбегінің нәтижесін облыстық білім басқармасы, Білім және ғылым министрлігі тарапынан алған марапаттауларынан байқауға болады.1998 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағын иеленді. Астрахан ауданының 80 жылдығына орай басылып шыққан « Есілдің жағасында» атты кітапқа «Қазақстан ағарту ісінің үздігі» ретінде енді.
Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да үлгі ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар,
Хадиша апай – мектебімнің мақтанышы.
Қасиетті қара шаңырақтан білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру – үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Гүлдана ИСКАКОВА,
Жалтыр №4 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар