16 Қазан, 2013

Калифорнияда ұзындығы 5,5 метр сельд ұсталды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 10-Seld karoliҰзындығы 5,5 метр балық Калифорния маңындағы Санта-Каталина аралында қолға түсті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Санта-Каталина Теңіз институтының мәліметі бойынша, қолға түскен Сельд королі жылан балыққа ұқсас, әдетте ол Тынық, Атлант пен Үнді мұхиттарының шамамен бір шақырым тереңдігінде тіршілік етеді. Бұл балықтардың ұзындығы 17 метрге дейін жетеді, сондай-ақ олар әлемдегі сүйекті балықтардың ең ұзыны болып табылады.  

«Біз ешқашан мұндай үлкен балық көрген емеспіз. Бізге кезіккен соңғы сельд королінің ұзындығы 1 метрді құраған болатын», – деді Санта-Каталина Теңіз институты кемесінің капитаны Марк Уоддингтон.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар