Гуманитарлық көмектің барлық қаптамасына мөр қойылып, тауарлардың делдалдар арқылы сатылуына мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам белсенділерінің, арнайы мониторинг тобы өкілдерінің, "Астана – Адалдық алаңы" жобасы менеджерлерінің, дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау және талдау басқармасының, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласында тегін гуманитарлық көмектің таратылуына мониторинг жүргізілуде.
Хабарланғандай, бірқатар мемлекет коронавирус инфекциясынан зардап шеккен елдерге медициналық көмек көрсетуге ниет білдірді. Атап айтсақ, еліміздің астанасына Ресейден 2 790 дана қорғаныс киімінің жиынтығы, 21850 дана үш қабатты бір реттік бетперде, 236 қаптама "короновир" таблеткасы бөлінген.
Қытай Халық Республикасы 450 медициналық қорғаныс киімі, 3000 хирургиялық қолғап, 15 жанасусыз инфрақызыл термометр, 2200 медициналық бетперде және 3040 хирургиялық бетперде бөлді.
"Астана – Адалдық алаңы" жобасының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығынан, "Астана – адалдық алаңы" жобасының менеджерлері және арнайы мониторинг тобы мүшелерінен тұратын жұмыс тобы Ресей мен Қытайдан келген гуманитарлық көмектің СҚ "Фармация" қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін жеткізілуін қадағалау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Бүгінгі таңда медицина ұйымдарын жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету – карантин жағдайынан шығуға мүмкіндік беретін шара. Еш нәрсені адам өмірімен салыстыруға болмайды. Бұл жағдайда мемлекет қалыптасқан жағдайды реттеу үшін кешенді шаралар қабылдауда. Біз, қоғам белсенділері, гуманитарлық көмекті Қазақстанға келген сәттен бастап оның тұтынушыға жетуіне дейін қадағалаймыз. Барлық қаптамаларда қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектердің тегін гуманитарлық көмекке жататынын білдіретін мөрі болады. Бұл шара жосықсыз азаматтарға тауарларды делдалдар арқылы сатуға мүмкіндік бермейді", деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобының өкілі Жәнібек Успанов.
Осыған байланысты барлық мүдделі азаматтар, егер медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектерде осындай мөр болса, 8-775-160-55-32 нөміріне хабарласа алады.


Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар