Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Қызылордада дәрілік заттарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында дәрі-дәрмектерді заңсыз, негізсіз қымбаттатып сату деректерін анықтау бағытында тиісті орындар тарапынан жұмыс жүргізілуде.

Қызылордада дәрілік заттарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталды

Бүгін Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерболат Тұрахметов пен облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ардақ Биғалиев өткізген брифингте осы бағыттағы жұмыстардың жай-жапсары айтылды.

 Аз уақыттың ішінде дәрілік заттарды заңсыз сатудың 23  дерегі  анықталған. Оның он бірінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандардың дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатқаны белгілі болған.

7 шілде күні 38 жастағы Қызылорда қаласыныңтұрғыны заңсыз 55 дана "Кетатоп" дәрісін сатып тұрған жерінен ұсталды. Мұндайлар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 424-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қаралған.

Дәріханаларда дәрі-дәрмектерді жоғары бағаменсатудың 12 дерегі белгілі болды.

- Аймақта "Дексаметазон" дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Қазіргі таңда аталған дәрі-дәрмектіңбағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде, – деді облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ардақ Биғалиев.