Музей қызметкері Сағат Қалиасқаровтың айтуынша, күміс ер Ақтоғай ауданының тумасы, Ташкент қаласында тұрған соғыс ардагері Мүбәракша Түсіпбековке тиесілі болған.
Ал бұл жәдігерді мұражайға ақсақалдың інісі, аталған ауданның орталығында тұратын Ғаділша Түсіпбеков тапсырыпты.
Құнды жәдігердің шебердің қолынан шыққаны көрініп тұр. Ердің алдыңғы қасы күміспен әшекейленген. Өрнектің дәл ортасына қызыл-қоңыр түсті дөңгелекше асыл тас орнатылған. Күміс ер қазіргі таңда археологиялық-этнографиялық музейдің өлкетану залындағы құнды жәдігерлер қатарында сақтаулы.
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы